«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: «Қысқы орман»

03.02.2022

Тулебаева Асия          Турсунбаевна

«Құлагер» мектепалды даярлық

тобының тәрбиешісі

Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту»
Сабақтың тақырыбы: «Қысқы орман» .
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін тиянақтау, жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерді бақылап ажырата білуге,  қысқы табиғат көрінісін, қысқы ойын түрлерін, жаңа жыл туралы    әңгімелеп айту арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету. Жеке тәжірибесінен әңгіме құрастыруды жетілдіру.

Оқу қызметі қарым - қатынасы арқылы балаларды достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Керекті құралдар: «Қысқы орман» суреті, жабайы аңдардың суреттері,слайд.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі;Сұрақ жауап, түсіндіру, жұмбақ жасыру,ойындар, топқа бөлу

Жаңа сөздер: қысқы орман

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Қызығушылық ояту кезеңі

-Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Бізге қонақа апай келіп отыр.

Салем саған, Алтын күн!

Салем саған, Көк аспан!

Салем саған, Жер анна!

Салем саған достарым!

 

Балалар шеңберге тұрып орындайды

 

  • Тәрбиеші: Балалар  мен сіздерге жұмбақ жасырамын.

Жұмбақ:
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады? Қыс айларын атап беріңдерші?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қыс

Балалар; желтоқсан,қаңтар,ақпан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды түзетушілік кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

-Балалар қыс мезгілінде табиғатта қандай – өзгерістер  болады?

  • Дұрыс , балалар айналаның бәрін ақ қар басады. Жерді, тауды, тасты, орманды бәрін қалың қар басады. Ормандағы ағаштардың бәрі ақ көрпеге оранғандай болады. Қысқы орманның, балалар, ауасы таза, табиғаты тамаша болады.
  • Ендеше барлығымыз қыстың таза ауасымен дем алайықшы.
  • Дем алу жаттығуы.
  • (слайд)
  • Енді балалар, бүгінгі ашық оқу қызметімен жаңа тақырыбымызбен танысамыз.
    Мен қазір сіздерге «Қысқы орман» туралы өлең оқимын:
    «Қысқы орман»
    Қалғиды қысқы орман,
    Мүлгиді қысқы орман,
    Айырылып қалған соң,
    Жаздағы құстардан,

    Ақ желек жамылып,
    Көк моншақ тағынып,
    Ұйықтайды қысқы орман,
    Көктемді сағынып,

    Аюы, қояны ұйқыға тояды,
    Жел тұрса қысқы орман
    Сілкініп қояды.
    Сөздік жұмыс:
    Мүлгиді – ұйықтайды.
    Сілкініп қояды – жел тұрғанда ағаштардың басы қозғалып, басындағы қарлар жерге түседі.
    - Міне, балалар өлеңде не туралы айтылып тұр екен?
  • Олай болса,бүгінгі ашық оқу іс- әрекетіміздің жаңа тақырыбы «Қысқы орман»
    Ал енді, балалар қысқы орман туралы сурет қарайық,
  • (слайд арқылы көрсету)
  • Ойын «Жануарды ата» ойынын ойнайық.үш тілде айту керек
  • мынау қандай жануар?
  • Аю,медведь,bear (беа)
  • Мынау ше?
  • Қасқыр,волк, wolf (волф)
  • Мынау?
  • Түлкі,лиса,a fox (э фокс)
  • Мынау?
  • Қоян,заяц,rabbit (рэбит)
  • Бұларды қандай жануарлар дейміз?
  • Жабайы жануарлар
  • Дұрыс айтасыңдар
  •  
  • -Балалар мына суретте нелерді көріп тұрмыз, қане кім әңгімелеп береді екен?

 Балалар ортаға шығып көргендерін әңгімелеп айтып береді. Орманда ағаштар өте көп. Қар бәрін басып тастады.
Ақ қоян қардың үстімен жүгіреді. Тиін ағашта секіріп жүр.

Жеке жұмыс: Қажетінше балаларға байланыстырып сөйлеуге демеу беру.
- Балалар, сендер табиғат аясында демалганды жаксы көресіндер ме?

-Сендер қысқы орманда болдыңдар ма?

  (слайд конверт)

- Бүгін бізге ормандағы қояннан хат келді. Ол өзінің көжектері  орманда адасып кеткенін,көмек керек екенін жазыпты.

- Көжектерге көмектесеміз ба?

Ол үшін балалар, мына сандықшаның ішіндегі тапсырмаларды орындауымыз керек.

Ең алдымен біз тапсырмаларды орындаймыз. Осы тапсырмаларды орындап отырып орманға барамыз.

1- тапсырма Қысқы орманға бару үшін қалың киіну керек.Сен орманға бару ушін не киер едің? Суреттердің ішінен таңдап белгіле және ата. Бұлар қандай киім?

-Дұрыс

2-тапсырма.                                         Балалар қысқы орманды қазір қалың қар басып қалған.                            Өзендер мұз болып қатып жатыр.                                          Орманға бару үшін бізге қандай құралдар қажет?             Суретке қарап таңдап көрсет.                                 Неге бұл заттарды таңдағаныңды түсіндір.                                            Сөйлемді жалғастырып айт.

Омбы қарда шаңғымен... сырғанаймыз

Мұздан коньки... тебеміз

Шанамен жотадан... зулаймыз.
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

  3-тапсырма

Балалар, біз орманға келіп қалдық. Не көріп тұрмыз?

Орманда қандай ағаштар өседі?

Атап айтыңдар

Олардың жапырағы жоқ, қай ағаш екенін қалай танимыз? (Әрине бұтағы мен діңінен)

Көптілділік; шырша-eлка- (Суреттер көрсету)

Д/ойын «Қай сөз түсіп қалды»;

(Күн) .... суытты

(Қар) .... жауды

Өзенде ....( мұз( қатты

Бұталарды .... (қырау) басты

Әліппе дәптермен жұмыс;

4-ші тапсырма «Ненің ізі» ойыны. Қайсысы ненің ізі екенін қосып көрсет.

  • Балалар қараңдар, қар үстінде әртүрлі іздер жатыр.
  • Қане, қарайық, ненің іздері екен, мүмкін күшікті ізінен тауып алармыз.
  • - Балалар, ізі арқылы көжекті  тауып алдық. Көжекті тауып бергенімізге қоян қуанатын болды.
  • Тіл ұстарту;
  • Шік-шік-шік -- кіп кішкентай күшік
  • Шік-шік-шік -- бұл әдемі үйшік


- Ал енді жаңылтпаштар айтып үйренейік.
Жаңылтпаштар айтып үйрену.

  1. Түлкі айлалы аң, айлалы аңға айла пайдалан.
    2. Қыста суық түсті, құлағым үсті, үсті.
    3. Мұз – тұз, тұз - мұз, бәріде тұз бен мұз

 

Балалар біздер қай жаққа серуенге бардық?

Орманнан не көрдіңдер?

Кімге көмектестіңдер?

Сендерге серуен ұнады ма?

Міне балалар «Қысқы ормандағы » саяхатымыз аяқталды.Барлықтарыңыз сабаққа жақсы қатыстыңыздар.

Қар жауады,боран болады,аяз соғады,күн суытады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дем алу жаттығуын жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қысқы орман жайлы айтылған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Жабайы жануарлар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар көргендерін айтып береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоянға көмектесуге дайын екендерін айтады.

-Иа

 

 

 

 

 

 

Балалар орындарына отырып тапсырмаларды орындауға кіріседі.

 

 

 

 

 

 

-Балалар: -қысқы киім

 

 

 

 

Балалар дәптер бойынша жұмыс жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жауап айтады

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін қимылмен орындайды.

 

 

 

 

 

Ағаштарды

Атап айтыңдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойынға жарыса отырып қатысты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іздерді табу арқылы жануарларды атайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайталап айтып отырады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: «Қысқы орман» тыныс-тіршілігінің ерекшелігін.

Түсінеді: Табиғатқа, қоршаған ортаға қамқорлық жасау.

Игерді: Сурет бойыншаәңгіме құрастыруды игерді.

Просмотров: 518


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст