Бала тәрбиесіне тек балабақша, мектеп, оны
қоршаған орта ғана емес, сонымен қатар отбасы, яғни, әкесі, атасы, әжесі,
ағасы, әпкесі де әсерін тигізеді. Отбасы – қоғамның алғашқы ұясы болғандықтан,
оны нығайту, оның тәрбиелік мәнін арттыруға сол қоғамның басты назарында болуы
керек. Бала тәрбиесі – атам заманнан бастап адамзатты толғандырып келе жатқан
өмірдің өзекті мәселесі. Осыған орай «Балдырған» мектеп-балабақшасында әдеттегідей
жалпы ата-аналар жиналысы жоспарланып өтті. Тақырыбы: «Отан-отбасынан
басталады»
Жиналыста 2017-2018 оқу жылының есебін мектеп-балабақша
директоры баяндап берді, сондай-ақ жеке
балалардың және жеке педагогтардың жетістіктерін атап кетті. Жаңа оқу жылының
жалпы ата-аналармен жүргізілетін жұмыс жоспарымен таныстырды.
Логопед маманы өз баяндамасында ата-аналардың маңызды ролін айтып кетті,
ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып, жауап алынды.
Жүргізілген тренинг-ойын инклюзивті білім
беруге байланысты болғандықтан психолог және дефектолог маманы инклюзив бойынша
ата-аналарға қысқаша мәлімет беріп, нәтижесін түсіндіріп берді, ата-аналар сұрақтарын қойып, қызыға қатысты.
« Отан-отбасынан басталады» баяндамасы оқылып, тыңдалды.
Жалпы «Балдырған» мектеп-балабақшаның ата-аналар комитетінің жаңа құрамы
сайланды: Төрайымы: Саттинова Айнур
Сундетовна; мүшелері: Абуова Аягоз
Аманжоловна; Бучук Марина Вячеславовна; Тасылбекова Данира Кенжибаевна;
Якубовская Нина Васильевна, сонымен жаңа ата-аналар комитеті құрамына сәттілік тілеп, «Болар
елдің баласын сәнінен емес сәлемінен танимын» деген екен қариялар, сондықтан да
әр баланы елдің үлкен беделі зор азаматы етіп бірлесе тәрбиелейік.