27-қараша күні мектеп- балабақшаның жылдық жоспары бойынша «Еркетай» ересек тобымен тәрбиешісі-
Джетібаева Жұмагүл Жалғасқызы ашық ұйымдастырылған оқу іс- әрекетін өткізді.
Оқу іс- әрекеті қарапайым мадематикалық ұғымдарды қалыптастыру бөлімінен болды.
Тақырыбы: Сандарды ретімен санау. Кемпірқосақ.
Мақсаты: 1 – 10 – дейінгі көлеміндегі сандарды ретімен атауға, әр бір санның алдындағы
және келесі санды дұрыс айта білуге үйрету.
Сандарды тура және кері санау
дағдыларын ары қарай дамыту, математикаға қызығушылығын арттыру.
Балалардың ойлау, қабілеттерін,
білімін математикалық ойындар арқылы қалыптастыру. Шығармашылыққа қызығушылығын
арттыру. Кемпірқосақ суретін салуды үйрету.
Оқу іс- әрекеті кіріктірілген, «Тәй-тәй» технологиясы бойынша жүргізілді. Тәрбиеші әртүрлі
әдіс- тәсілдер арқылы балаларға санауды үйретті, сандарды тура-кері санады,
сандардың көршісін ажыратуды үйретті, 3 тілде санап берді. Орталықтарда
кемпірқосақтың суретін салды. Пішіндермен, түстермен жұмыс жасады.