«Қарлығаш» мектепалды даярлық тобы
тәрбиеші: Жаркынова А.А
Тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғырым»
Мақсаты:
1. Балаларға отаңды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге тәрбиелеу.
2. Балалардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
3. Балаларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын балаларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, суреттер, слайд
Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ-жауап.
Мемлекеттік әнұранды орындау.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі сабағымыз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1-ші қыркүйек күні барлық балалбақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді).
Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.
Балалар, біз ересек тобында оқу оқығанда біздің Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білім алғанбыз, ендеше есімізге түсірейікші.
Суреттер көрсету.
Біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз.
(балалардың жауабын тыңдау)
Тәрбиеші: Дұрыс, әнұран, елтаңба, ту.
Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз?
Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Тәрбиеші: Дұрыс. Қазақстан Республикасының призиденті кім?
Тәрбиеші: Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?
Балалар: Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласы.
Тудың суретін балаларға бояту.
-Тудың түсі қандай болады?
-Ортасында ненің бейнесі?
Мақал-мәтел айту:
Отан-елдің анасы
Ел ердің анасы
Туған жердей жер болмас
Туған елдей ел болмас.
Отанды сүю-от басынан басталады.
Слайд көрсету: «Менің Қазақстаным»,