«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою Халықаралық күніне қатысты ортақ мәлімдеме

10.12.2021

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою Халықаралық күніне қатысты ортақ мәлімдеме

        Қазіргі кезде қоғамда шешілмей отырған көп мәселелердің бірі отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстағы зорлық-зомбылықтар болып отыр. Жалпы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа әлсіз балалар, қарттар, мүгедектер мен әйелдер қауымы ұшырайды. Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен ағымдағы жылдың 25 қарашасынан бастап 10 желтоқсан аралығында «Үйдегі тыныштықтан Жер бетіндегі бейбітшілікке - әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатайық!» ұранымен «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын жүргізді.

Акцияның негізгі мақсаты: көпшілік халықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын алу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстыру. Азат болашақ үшін қозғалыспен ынтымақтастықта әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы «Балдырған» мектеп-балабақшасында іс-шаралар жүргізілді. Педагог-психолог Каменова Ж.З «Біз зорлыққа қарсымыз» тақырыбында педагогтармен дөңгелек үстел ұйымдастырып, өзара пікір алмасты.

 

Просмотров: 267


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст