«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: "Ауыр, жеңіл"

07.12.2021

«Балдәурен» тобының тәрбиешісі

Иманбай Гулмайра

Білім беру салалары:Таным

Бөлімі: Математика негіздері.

Тақырыбы:«Ауыр, жеңіл»

Мақсаттары: Әр түрлі заттардың өз салмағы болатыны туралы түсінік қалыптастыру.Олардың салмағын анықтау үшін заттарды өлшеу тәсілдерімен таныстыру. Бірлесіп әрекет ете  білуге  тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру,  сұрақ,жауап.

Көрнекілік:әр түрлі заттар, суреттер, асықтар,.кеспе суреттер,

Билингвальдік компонент: весы-таразы, ауыр-тёжолый, жеңіл-лёгкий

 

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Тәрбиеші әрекеттері

Балалардың әрекеттері

Мотивациялық -

түрткі болатын

Шаттық шеңбер:

Орнымыздан тұрайық

Шеңбер болып тұрайық

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын алайық,

Таза ауаны жұтайық.

Жүрекке жылу сыйлайық,

Мейірімділік шуағын алайық.

Жинаған жылы шуақты,

Достарымызға сыйлайық.

Қонақтармен  сәлемдесіп алайық.

Сәлеметсіздер ме  апайлар.

 

 

Балалар бірге  қайталап жасайды.

 

 

 

 

 

Келген қонақтармен  сәлемдеседі.

Ұйымдастыру  кезеңі

Балалар жылдың неше мезгілі бар? Жыл мезгілдерін атайықшы

Балалар қазір жылдың қай  мезгілі?Жарайсыңдар балалар!

Балалар мен сендермен

 «Ауыр, жеңіл»  ойынын  ойнаймын.Менің қолымда  қандай  заттар бар?       

Бұл асықтың  қайсысы  ауыр, қайсысы жеңіл.Кім  айтады?(2-3 баланың қолдарына беріп айтқызу)Заттарды қолымызға ұстап білуге болады.

Балалар заттың  көлеміне қарай  олардың  ауыр  жеңіл  екенін  білуге  болады.

Мынау не? -Балалар

Заттардың салмағын  ненің көмегімен өлшеуге  болады?.Таразымен заттың  салмағын өлшейді.Олай болса заттарды таразыға салып салмағын өлшейміз. Заттарды балалардың қолдарына беріп, ауыр,  жеңілін  айтқызу.

Балаларды   таразы  түрлерімен таныстыру. (сурет арқылы көрсету)

Таразының түрлері көп. Заттарды таразыға салғызып ауыр жеңілін  айтқызу.

Балаларға  кеспе  суреттерді көрсетіп ,тақтаға пілдің астына ауырын, тышқанның  астына  жеңілін ілгізу.

Жарайсыңдар балалар!

Балалар шаршаған  боларсыңдар, аздап сергіп алайық

.Сергіту сәті:

Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш.

Отырамыз, тұрамыз,

Біз тынығып аламыз.

Құтыдағы  сумен  тастың  қайсысы  ауыр  екенін  айтқызу.

Ойын: «Кім  жылдам» Балаларды  қызылдар және көктер болып  екі топқа бөлу.

Балалар ауыр және жеңіл заттарды екі топқа бөлініп жинайды..

Қызыл қорапқа  ауыр, көк қорапқа жеңіл  заттарды салады.

Балалардың  жинаған  заттарын қарап қай топтың  балалары  дұрыс  жинағанын айту.

Күз, Қыс, Көктем, Жаз

Қыс  мезгілі.

 

Заттарды  атайды.

Асық

Өз қолдарымен  ұстап көреді

 

 

 

 

 

 

 

 

Таразы

 

 

Балалар қай заттың ауыр  жеңіл екенін айтады.

 

 

 

Таразы түрлерімен  танысады.

 

Заттардың ауыр жеңілін айтады.

 

 

 

Кеспе суреттерді іледі.

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін бірге  қайталайды.

 

 

 

 

 

 

Ойынды шарты бойынша ойнайды.

 

Рефлексиялық түзетушілік.

Балалар сендер  оқу  іс-әрекетіне жақсы  қатыстыңдар.

Ойын ұнадыма?

Келген  қонақтармен  қоштасайық.

 

Иә, ұнады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу  керек:Заттардың ауыр немесе жеңіл екенін салыстыра отырып білді.

Нені  игереді: Ауыр, жеңіл сөздерін меңгерді.

Нені  біледі:Ауыр және жеңіл  заттарды ойын арқылы таба біледі.

 

 

Просмотров: 2592


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст