«Ертөстік» ересек тобының тәрбиешісі
Тагыбаева Н.Е
Тақырыбы: «Елін сүйген- Елбасы»
Мақсаты: Жас ұрпаққа Елбасымыздың туып өскен жері, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту. Отанын, елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға, батылдыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз 1 –желтоқсан еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады. Елбасы күнін атап өткелі отырмыз.
Қазақстан Республикасының Әнұранымен бастайық.
Тәрбиеші: Балалар 2012 жылы 1-желтоқсан күні «Тұңғыш президент куні» болып енгізілді. Әр жылда біздер Президент күнін атап өтеміз. Біздің еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болды. Елбасымыздың туған жері – Үшқоңыр ауылы, қарапайым ауылда, қарапайым отбасында өскен. 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың Тұңғыш Президенті болып сайланды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды. Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.
Балалар елбасымызға арнаған тақпақтарын айтады.
Арег:
Ел басымыз жолдайды
Халық оны қолдайды
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды
Наргиз:
Қазақ елі-кенен ел,
Басшысы жайсаң кемел ер.
Зейіні зерек, өзі алғыр,
Нұр ата біздің кемеңгер
Айқын:
Ел басы елді қорғайды
Халық қамын ойлайды
Осындай жақсы адамның
Жақсылығы тарайды.
Сергей:
Барша халық таныған
Біздің үміт, тілекті,
Шырқалғанда әнұран
Шаттық кернеп жүректі
Тәрбиеші: Балалар біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы.
Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
Балалар: Нұрсұлтан қаласы
Тәрбиеші: Ал, балалар сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?
Балалар: Ту, Әнұран, Елтаңба.
Тәрбиеші: Ал бұл суреттер нені білдіреді, білесіңдер ме? Балалар біздің туымыздың түсі қандай?
Балалар: Көк
Егеменді ел болып, тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт – Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Осының бәрі – еліміздің тұңғыш президенті – Н. Ә. Назарбаевтың арқасында.
Тәрбиеші: Балалардың әнін тыңдайық
«Көк тудың желбірегені»
1. Көк тудың желбірегені
Елдіктің асқақ өлеңі
Жан-жаққа тартпай қазағым
Бір сөзге жинал дегені
Қ-сы
Көк тудың желбірегені
Жаныма қуат береді
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес, маған керегі
Көктудың желбірегені
Тәрбиеші: Ол аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін қараңдаршы-күнің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар екен. Осы күн-100 ді білдіреді ал сәулелер отыз екен.
Сергіту сәті:
Біз бақытты баламыз
Шырқап әнге саламыз
Туыспыз біз бәріміз
Бір отанды сүйеміз.
Ойын: «Кім шапшаң?»
Сөзжұмбақтың сұрақтары:
1. Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
2. Ұлттық тіліміз қай тіл?
3. Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
4. Ал ұлттық валютамыз?
5. Туымыздың түсі қандай?
Тәрбиеші: Әр жылдың өз шежіресі, сыры тарихы қасиеті бар. Біздің Қазақстан өте үлкен, көп ұлтты мемлекет. Сондықтан біз өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, қорғауға тиістіміз.
Әрқашан еліміз тыныш, елбасшымыз аман, көк туымыз мәңгі желбірей берсін.