«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыптық сабақ: «Елбасы-ел тірегі»

29.11.2021

«Елбасы-ел тірегі»

 

Мақсаты: Балаларға, еліміздің тұңғыш президенті, рәміздер, Астана қаласының көрікті жерлері жайлы мағлұмат беру. Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенің таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдері: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, қорытынды.

Көрнектіліктер: Елбасы, рәміздер суреті, слайд

Ұйымдастырылған кезеңі:

-Балалар, ортаға шеңберге тұрайық.

Шаттық шеңбері:

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

Шуақ толы жанымыз жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

 Әнұран орындалады.

Тәрбиеші: Балалар, шағын көріністі тамашалап алайық.

Көрініс:

Таңертеңгі шайдың кезі

Диас: Жеңеше, мен бір керемет түс көрдім.

Анасы: Ол қандай түс, балам? елең ете қалды

Диас: Мына Алакелдінің жотасына бір қап тұз арқалап шығыппын. Тұзды

Жотаға алып шыққаным сол, ауыл жаққа қарасам менің класым да, мектебім

де, мектептегі балалар да осы Шамалған ауылының бәрі төме-е-ен жақтан көрінді. Соны өзім арқалап шығарған тұз толы қаптың үстінен қарап отырып

көрдім.

Анасы: Балам сен өте үлкен адам болады екенсің, дәрежең жоғары болады екен, тұз деген жақсы нәрсе Алла тілеуіңді берсін балам. Мансабың жоғары, өркең терең, несібең аса мол, еңсең биік болады екен.

Тәрбиеші: Анасы баласына ақ батасын беріпті.

Міне, анасының жорыған түсі дәл келіп, бүгінде аз уақыт ішінде әлемді аузына қаратқан Қазақ елін басқарып, атақ-дәрежесі күллі дүниені шарлап кетті.

Тәрбиеші: Алдымызда 1 желтоқсан біз үлкен мерекені атап өтпекпіз.    Еліміздің тұңғыш президентін сайланған күні.
Тәрбиеші:- Біз қай республикада тұрамыз?
Балалар: - Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Отан туралы кім тақпақ айтады.

Айғаным:

Қараңғы қазақ көгінде

Өрмелеп шығып, күн болам,

Қараңғылықтың көгіне

Күн болмағанда кім болам,

Мұздаған елдің жүрегін

Жылытуға ұмтылам.

Арлан:

Отан жерім, Отан-суым,

Отан қуат нәр береді.

Отан-ұран, Отан туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Тәрбиеші: - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?
Балалар: - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
Балалар: - Тәуелсіз мемлекет.
Тәрбиеші: - 1991 жылы 1желтоқсан күні қазақ халқының сайлап алған тұңғыш президентіміз Н. Ә. Назарбаев. Сайланған соң 16 желтоқсанда тәуелсіздігімізді алдық. Өзіміздің рәміздеріміз, теңгеміз, ата заңымыз қабылданды.

Еліміздің астанасы қай қала?

Балалар, Астанада тағыда не бар?

Балалар: Астанада Бәйтерек бар!

Тәрбиеші: Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің елдің символы.

Даяна:

Астана арман қала,

Бағы бір жанған қала,

Тұрасың жап-жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

 

Тәрбиеші: Біздің ұлтымыз қалай аталады?

Балалар: ұлтымыз қазақ.

Тәрбиеші: Ана тіліміз қай тіл?

Балалар: қазақ тілі.

Айзере:

Қазақ-тілі ата-анаң,

Қуат алар Отан да одан.

Дүниенің бар асылы,

Тең келмейді ешбір оған.
-Біздің рәміздерімізді кім айтады?

Балалар: - Ту, елтаңба, әнұран.
Тәрбиеші:

Мынау Қазақстан Республикасының туы. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды – көк, ортасында күн шуағы. Астында қыран құс  ұшып келе жатыр.  Қазақстанда тұратын барлық  халықтардың  өмірі күндей  жарқырап, қырандай  самғай берсін дегені.  Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  туының авторы: суретші Шәкен Ниязбеков.

Мансур:

Көк байрағы бабамның,

Бүгінгі ұрпақ алауы,

Тірегі әке баланың,

Қазақстан жалауы.

 

Тәрбиеші:

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  елтаңбасы.  Елтаңбаның орталық элементі – шаңырақ.  Шаңырақ  бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар – мәңгілік өмір, болашақ үміт артар жасұрпақтың арманы, самғау  биігі.  Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.  Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  елтаңбасының  авторлары сәулетшілер:  Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлибеков.

Тамерлан:

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер төккен,

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім Елтаңбам.

  Тәрбиеші:       

 Ал Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік әнұранының сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев,  әнін жазған  Шәмші Қалдаяқов.

Рамина:

Әнұраным айбаттым,

Тәуелсіздік қайраттым,

Достық, бірлік, татулық,

Арманға жетті жаңғырып,

Жастар салған айбатты үн.

Сергіту сәті:

Дөңгеленіп тұрамыз,

Керегені құрамыз.

Уықтар болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Достық үйін құрамыз.

Тәрбиеші: Міне  балалар , еліміздің  тұңғыш президенті
Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев елімізді  дамытуда талай
батыл  қадамдарға  барып, халқына арнап  үндеулер, жолдаулар  жолдап,  еліміз үшін  аянбай еңбек етіп келді.

Диас:

Қазағымның туын тіккен –Елбасы,

Ұл-қызынан үміт күткен-Елбасы,

Қазақ елін аялаған-Елбасы,

Қиындықта сая болған –Елбасы.

Тәрбиеші: 2019жылдың 9-шы маусым  күні сайлау өтіп, халық  Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлады.

Тәрбиеші: Қазіргі президентіміз кім?

Балалар: Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тәрбиеші: Дұрыс, Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тәрбиеші: Еліміздің астанасы қай қала?

Балалар: Нұр-Сұлтан

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, Нұр-Сұлтан қаласы.

Тәрбиеші: Балалар,  тәуелсіз, егеменді елімізге  жылы лебіздерімізді тілейік.
Балалар:
- Татулық,
- Денсаулық,
- Тыныштық
- Молшылық,
- Амандық  тілейміз.

  Балалар, біз  жер шарына өзіміздің Қазақстан мемлекетін орналастырып,  өзіміздің жылы лебіздерімізді білдірейік.

Қазақстан мемлекеті көркейіп, бақытты да, бай ел болсын –деп,

бүгінгі  ашық тәрбие сағатымызды көңілді әнмен аяқтаймыз.

Хор: «Елбасы»

 

Просмотров: 239


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст