«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жас маман-2021" сайысы

26.11.2021

«Жас маман- 2021»

 

Мақсаты: Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.

Жүргізуші:- Қайырлы күн, әріптестер мен жас мамандар! «Жас маман-2021 » сайысына қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Ұстаз кім? Ұстаздық не? Ұғамын ба, Әлде ол қарапайым мұғалім ба?

 Беттерін ұстаз дастан парақтасаң,

Жанымды толтырады бұлар мұңға.

Ұстаз! Ол - ақыл ойдың кені емес пе?

Көш бастар замананың ері емес пе?

Жатталып кейінгіге хаты қалған,

 Ұстаз ол - күллі әлемнің нұры емес пе?

 Жүргізуші: Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіреміз. Жүргізуші: «Жас маман деген кім?

Ж - жігерлі

А - алғыр

С - сұлу да сымбатты

М - мақсаткер

А - айтқанды екі етпейтін

 М - мінезі жайсаң

А - арманшыл

Н - насихатты тез қабылдайтын жас мамандарды ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:

1.Амантай Диана Қанатқызы

музыка жетекшісі.

 Ұстанымы: «Істейтін ісіңді сүюің керек,сонда ғана сенің еңбегің мейлі тіпті қарапайым болсын,шығармашылық дәрежеге дейін көтеріледі»

Тәлімгері: Жүгенбай Кенжебек

 2. Оразбаева Марал Ақансеріқызы- орыс тілі пәні мұғалімі.

Ұстанымы: «Маған айтып берсең-ұмытып қаламын,көрсетсең-есімде сақтаймын, өзіме жасатсаң үйренемін»

Тәлімгері: Рахимова Гулнар Қойшыбайқызы

3.Розыева Наргиз Агамуратқызы-«Құлыншақ» тобының тәрбиешісі

Ұстанымы: «Дүниедегі ең оңай нәрсе - біреуге ақыл айту, ең қиын нәрсе - өзіңді - өзің түсіну»

Тәлімгері: Кожабергенова Бақытгүл Ердаулетқызы

 4. Муканова Гульдана Унербекқызы- «Ботақан» тобының тәрбиешісі.

 Ұстанымы: «Өзіңді, өзгелерді құрметте,

Өзің жасаған іс-әрекеттеріңе жауап бере біл» Тәлімгері: Тулегенова Жанат Копжанқызы

5. Апсаметова Махаббат Арыстанбекқызы-«Балапан»тобының тәрбиешісі.

Ұстанымы: «Мүмкін емес нәрсе жоқ»

Тәлімгері: Тулебаева Асия Турсунбайқызы

6. Есболатова Инкар –«Таңқурай» тобының тәрбиешісі.

Ұстанымы:«Өзіңе сен өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап»

Тәлімгері: Казкенова Асемгул Жиенбекқызы

Жүргізуші:

Шын жүйріктер сыналады жарыста,

Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!

Әділқазы бағалайды сіздерді,

Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?

Олай болса, әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.

Мектеп директоры : Акпентаева Райхан Зейнулловна

Директордің оқу ісі-жөніндегі орынбасар-Нургалиева Зейни Қуттыбековна  

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары-Бекбаева Зауреш Досымовна

Педагог-психолог-Каменова Жанар Забинуллаевна

1-ші санатты педагог-Жаркынова Асем Абаевна

Жүргізуші:

Ендеше сайысқа қатысушы жас мамандардың кезек сандарын алуы үшін әділқазылар алдына шақырамыз.

№1 сайыскеріміз –

№2 сайыскеріміз –

№3 сайыскеріміз –

№4 сайыскеріміз –

№5 сайыскеріміз –

№ 6 сайыскеріміз –

Жүргізуші:

Сайысымызды бастамас бұрын байқаудың кезеңдерімен таныстырып кетейік.

Жүргізуші:

1 кезең «Таныстыру»

Бағалау критерийлері:- мазмұны, көрерменге әсер етуі,  орындау шеберлігі

Ұзақтығы-5 мин.

2 кезең «Мамандығым-мақтанышым»

Бағалау критерийлері:- қатысушы өз мамандығы туралы, оның өмірдегі мәні мен қажеттілігін ашу.

Ұзақтығы - 5-7 мин.

3 кезең-Заманауи жаңа форматтағы дидактикалық материалдармен жұмыс, қорғау.

Ұзақтығы-5 мин.

4 кезең- Сұрақ-жауап, (Ситуациялық,викториналық)

Әр қатысушыға 2 сұрақтан беріледі

Ұзақтығы- 5 мин

Жүргізуші:

1 кезең: «Сәлем – сөздің басы» дегендей сайыскерлеріміз өздерін  таныстыруға кезек берейік.

2 кезең: «Мамандығым-мақтанышым»  Бұл кәсіптің қасиетін, мағынасын ашатын болғандықтан негізгі сайыс. Қатысушы өз мамандығы туралы, оның өмірдегі мәні мен қажеттілігін дәйекті негіздермен қорғау.

3 кезең: Заманауи жаңа форматтағы дидактикалық материалдармен жұмыс, қорғау.

4 кезең: Сұрақ-жауап, (Ситуациялық,викториналық) Бүгінгі ғасыр педагогтің  жан-жақты біліммен қаруланған, ойы ұшқыр, шапшаң, әмбебеп тұлға болу қажеттілігін сұрап отырған ғасыр.

Әр қатысушыға 2 сұрақтан беріледі.

 

Осымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Әділ қазылар алқасы өз шешімдерін  шығарғанша  ортаға

 Ән :

Жүргізуші:

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін әділ қазыларға берейік.

Арамызда білімді жастар көп екен,

Солардың біз нәтижесін көрейік.

– Арманға алда күткен асығамыз.

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

«Жас мамандар» сайысының соңғы сөзін,

 Естігенше біз енді асығамыз.

 Сайысты қорытындылап оза шауып алға суырылып шыққан мамандардың  есімін бірге білейік

 Жүргізуші:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін – деп , жетпеген жеңісіне, орындай алмаған арманына, артында қалған жастардың жететініне нық сенім білдіріп Мағжан Жұмабаев айтып кеткен. Сол сенімді сөзбен емес, іспен көрсететін жастарымыз

Тәуелсіздік таңы сендер, білемін,

 Болашаққа бар білімін берерін

Барыс текті жастар ғана келешек,

 Жалындатып биік шыңда жүретін

Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал маманы болыңыздар!

 

 

Просмотров: 1086


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст