«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: «Заттың үлкен, кіші ұғымы»

24.11.2021

 «Балбөбек» ортаңғы тобының

тәрбиеші  Текен Хуралай

Білім беру саласы:Таным                                                         

Бөлімі: Математика негіздері.

Тақырыбы: «Заттың үлкен, кіші ұғымы»

Мақсаты: Заттың үлкен, кіші ұғымымен таныстыру. Танымдық қабілетін, ой қиялын,тіл  байлығын дамыту. Адамгершілік рухани  құндылықтарын   қалыптастыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Суреттер, компьютер, бейне жазбалар, теңіз бейнесі.

Ұйымдастыру кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық    қозғаушылық.

 

 

Ұйымдастырушылық  ізденістік

Бейнетаспа арқылы әуенді теңіз толқынын бейнесін көрсету арқылы Тосын сый жасау. Теңіз толқыны арқылы бізге алтын сандық жіберілді.Алтын сандықта түрлі тапсырмалар мен ойындар бар екен.Балаларға тапсырмаларды орындай отырып бүгінгі оқу қызметінің тақырыбын ашамын. Екі сандықты салыстыру

арқылы үлкен, кіші ұғымымен таныстырамын.

Д\о: "Тапқырлар"

Шарты: Аспазшыға қажеттіқұралдардың ішінен үлкен, кіші заттарды ажыратып, топтастыру.

 Д\о: "Құтқарушылар"

 Шарты: «Клексаграфия»  әдісі арқылы теңіз бейнесінің суретін салу, үлкен, кіші балықтарды жапсыру. 

Д\о:"Өнерлі  бол"

Шарты;  Жармаларды пайдалана отырып, үлкен, кіші құмыра бейнесіне жасау.

Д\о: " Кім жылдам" 

Шарты: Заттарды реті бойынша кішісінен үлкенге  қарай жинау.                        

                                                             

Балалар таң қалып, қызығады. Сұраққа жауап беру.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ойынның  шарты бойынша ойнайды.

Үлкен, кіші ыдыстар мен тақтайша,қасықтарды салыстыра отырып ажыратып, топтастырады.

 

Бояуды қағаз бетіне «Тамшылау» әдісі арқылы теңіз бейнесін салды. 

 

 

Шаблонға қарақұмық жармасын пайдалана отырып, бейнені шығарды.

 

 

 

Рефлексиялық  түзетушілік

Сұрақ-жауап әдісі арқылы балалардың алған білімдері мен ойларын толықтырып, қорытынды жасалды.

 

Әр бала өздеріне ұнаған ойындарын айтып, кері байланыс жасады.

                                                  Күтілетін  нәтиже:

Біледі: Заттардың үлкен, кіші ұғымын түсінді.

Игерді: Заттарды салыстыру мен топтастыруды біледі.

Меңгереді: Тапсырмалар мен ойын шарттарын орындайды.

 

 

Просмотров: 1287


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст