Қазақ тілі мұғалімі: Г. Қ. Рахимова
Білім беру саласы: Қатынас, шығармашылық
Бөлімі: Қазақ тілі, сурет
Тақырыбы: «Жабайы құстар мен үй құстары»
Мақсаты: Жыл құстары мен үй құстарының айырмашылықтарын біліп, құстар туралы білімдерін кеңейту. Сөздерді дұрыс айтуға үйрету. Әңгімелеу дағдыларын жетілдіру.
Жаңа сөздер: Қарға, тырна, аққу, торғай, тоқылдақ.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, әңгімелету, ойын-тапсырмалар орындату.
Көрнекіліктер: Үй құстары мен жабайы құстардың суреттері.
Ұйымдастырылған кезеңі:
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мативациялық қозғаушы
|
Шаттық шеңбер Қуанамын менде, Қуанасың сенде. Қуанамыз бәріміз, Арайлап күнге. |
Балалар бірге орындайды |
Ұйымдастыру шылық- іздену шілік |
-Балалар, бүгін біз үй құстары мен жабайы құстардың атын қазақша айтуға үйренеміз. - Сендер қандай үй құстары мен жабайы құстарды білесіңдер? -Ендеше, бүгін тағы басқа үй құстары және жабайы құстармен танысамыз. Суреттерді алып, үй құстары және жабайы құстармен таныстыру: -Мынау қаз, балапан, тауық, әтеш, шымшық, қарлығаш, аққу. Үй құстары мен жабайы құстарды бөлек реттеп қоюды ұсынады. Балалар, үй құстары бізге көп пайда әкеледі. Жұмыртқасын, етін жейміз. Жүннен жастық жасаймыз. Үй құстарына жем, су береміз. Жабайы құстар да бізге көмектеседі. Олар ағаштардағы , егістіктердегі зиянды жәндіктерді жейді. Бізде оларға қамқор жасаймыз. Ал, күн суық болып, азық аз болғанда біз жабайы құстарға жем шашып, үй жасап береміз. Жұмбақ жасыру. Бұрап қойған сағаттай, Айқайлайды таң атпай.
Бір-ақ уыс көлемім, Шыбын-шіркей қорегім. Бау-бақшаны қорғаймын, Ал атым ше?
Орманда жоғары Ағашқа қонады. Тұмсығын балға етіп, Тоқ-тоқ соғады. Сергіту сәті: Қарлығаш боп ұшамын, Қанатымды қағамын. Ұшып-ұшып аламын, Бір тынығып аламын. Суретпен жұмыс: Балалар мына суреттегі нелер? Олар не істеді? Құстардың аттарын қазақша қайталап айтады. -Кімнің үйінде құстар бар? -Оларды біз неге «Үй құстары»-дейміз?
-Сендер құстарға не бересіңдер? Дидактикалық ойын: «Не артық?» «Торғай» Мен-торғаймын, торғаймын, Суықтан да тонбаймын. Құрт-құмырсқа, шіркейден Бау-бақшаны қорғаймын. Шығармашылық жұмыс: Қарлығаштың суретін боя |
Тауық, әтеш, балапан, үйрек.
Балалармен бірге реттейді.
Мұқият тыңдайды.
Әтеш
Торғай
Тоқылдық
Балалар қимыл-қозғалыспен орындайды
Үйрек, қаз суда жүзіп жүр.
Балалардың жауабы Олар қорада жүреді, далада, суда жүзеді. Жұмыртқа береді. Жем, су береміз.
Балалар артығын табады.
Өлең жолдарын жаттайды.
Қарлығашты бояйды. |
Рефлекстік - үйлесімділік |
Балалар, бүгін сабақ не жайында болды? Балаларды мадақтау. |
Балалардың жауабы |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Жыл құстары мен үй құстары жайлы біледі.
Болу керек:Жыл құстары мен үй құстарының айырмашылығын.
Үйрену керек: Сөздерді дұрыс айтуға.