Тақырыбы: «Ата-аналардың қызығушылықтарын, пікірлерін, сауалдарын зерделеу»
Мақсаты:
Ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір - біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата - ана екенін түсіндіру
Ата-ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Балабақша, ата-ана, тәрбиеші болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
- Ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластық әрекетінің мақсаты айқындалады, баланың бас ұстазы ата - ана екенін түсінеді, бір - біріне деген сезім нығайады;
Идеясы: « Ұяда не көрсең , ұшқанда соны ілесің! »
Әдісі:Әңгімелесу- пікір алмасу, сұрақ-жауап сыни тұрғыдан ойлау, тренингтер,ситуациялық сұрақтар шешу,шығармашылық жұмыс, кері байланыс
Ресурстары: доп, ойын элементтері, жағдаяттар, т.б.
Түрі: топтық жұмыс
Жүргізілу барысы:
Кіріспе сөз :
- Қош келдіңіздер, құрметті ата – аналар және әріптестер. Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану.
Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
Бала қанша білім алып,балабақша, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке - шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата - ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі жиналысымызға қатысып отырған ата - аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп балабақшаға келе беріңіздер демекпіз! Олай болса, бүгінгі тренингімізді бастамастан бұрын өздерімізді таныстырып өтейік.
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық тренинг «Көңілді күн»
1.«Сәлемдесу» жаттығуы
Мақсаты: қатысушылармен сәлемдесу, топқа энергия беру;
Жаттығу барысы
Қатысушыларға шеңбер құрып тұрады:«европалықтар», «жапондықтар» , «африкандықтар» және «Қазақтар». Кейін әрбір қатысушы шеңбер бойымен жүріп, «өз амандасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі: «европалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «африкандықтар» мұрындарымен, «Қазақтар» құшақтасады. Әрбір қатысушы әр түрлі рольдерді болуы үшін, жаттығуды қайталауға болады.
Таныстырылым жасау Ата-аналарды таныстыру. Бала кездеріңізде сіздерді ата-аналарыңыз қалай еркелетіп айтты.
Нұсқау: өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.
Мысалы: Мен Сандуғашпын мені-Санду –деп айтты , Мен Зайдамын, мені –Зайка деп айтты т.б.
2.Топтық жұмыс. Сұрақ- жауап:
«Әрбір баланың мінез құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады»- деп Павлов айтқандай, баланың мінез-құлқы өскен ортасына,көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата-ана - бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы,өзін көретін айнасы.Сондықтан, ата-аналар,мен сіздерге мынадай сұрақтар қойғым келіп отыр.
1.Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?
2.Бала үшін ата-ананың қайсысының беделі күшті деп ұғасыз?
3.Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде балабақшаның жауапкершілігі басым ба?
4.Баланың атасы мен әжесінің тәрбиесінде,атасы мен әжесінің баласы болуына қалай қарайсыздар?
5.Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па,қатаң тәрбиелеген дұрыс па?
6. «Баланың өскенде жақсы,өнегелі адам болып шығуына отбасынан алған тәрбиенің ықпалы зор» дегенге өз пікіріңіз,көзқарасыңыз қандай?
Ата-аналардың пікірі тыңдалады
Осы жерде мен ата-аналарға мынадай кеңестер айтқым келіп отыр.
Егер балам қатыгез,қайырымсыз,өзімшіл болып өспесін десеңіз,бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіз
3.Бала тәрбиесінің 3 стильі бар екен.
1.Авторитарлық стиль
Балаға әмір беру. Әрбір қадамын бақылау. Сен менің айтқанымды орындайсың. Жұрттың баласы ақылды –деп т.б.
Бала өскенде қандай тұлға болып өседі деп ойлайсыздар?
Ата-аналардың пікірі тыңдалады.
2. Либералдық стиль
Балаларын шектен тыс жақсы көру. Бір сөзбен айтқанда баламызды төбемізге шығарамыз. Бұл тұста бала қандай тұлға болып өседі деп ойлайсыздар?
Ата-аналардың пікірі тыңдалады.
3. Демократиялық стиль
Яғни баламызды жақсы көреміз, бірақ шектен шықпаймыз. Баламен үлкен адамдармен сөйлесіп, түсіндірсек. Бала өскенде ақты ақ-деп, қараны қара деп біледі. Қай жерде жүрседе бала өз орнын біледі.
Ата-аналардың пікірі тыңдалады.
Ата-аналарды топтарға бөлемін жаңағы үш стиль бойынша
3 стильді қағазға жазып, үш топқа таратып беремін
Яғни командалар бір-бірімен жақындасып отырады. Қатарлас отырған команда жаңағы қандай стиль екенін көрмеулері керек.
Тапсырма: әр команда жаңағы айтылған стильдер бойынша кез-келген ертегінің көрінісін ыммен көрсетіп берулері керек.
4.Жағдаятқа ену. Топтарға сұрақтар беру
1-жағдаят: Анашым,мен бүгін сабаққа бармай-ақ қояйыншы,үйге берілген тапсырманы жаттамап едім,апай сұраса «ауырып жатыр» деп айта салыңызшы.
2-жағдаят: Бала сыныптасымен төбелесіп қалды, Сізді тез арада мектепке шақыртып жатыр, не шара қолданасыз?
3- жағдаят :Анашым, мен бүгін мектепте жарысқа қатысып ,барлық балаларды ұтып,мақтау қағазын алдым.Сіздің қуанышыңыз қандай?
4- жағдаят : Сіз жұмыстан кеш келдіңіз.Бала Сізді сұрақпен жаудырып, сұрап жатыр, Сіз шаршап тұрсыз... Сіздің әрекетіңіз:
5.Тренинг «Біз баламызды таныймыз ба?»
Ата - аналар дөңгелене тұрады.
Педагог сұрақ қойып допты береді, ата - ана жылдам жауап беріп келесі ата - анаға береді
1. Балаңыздың туған күні қашан?
2. Балаңыздың досы кім?
3. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
4. Балаңыздың сүйікті асы не?
6. Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?
7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8. Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?
9. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
10. Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен аузыңызға қандай сөз түседі?
7.Рефлексия. Кері байланыс:
Бүгін үйге қандай көңіл күймен барамыз? Өз пікірлеріңізді жүрекшеге жазып, тақтада ілініп тұрған ақ жүрекшеге жапсырасыздар.
Қорытынды сөз:
Ата - ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата - аналар сіздерге байланысты дей отыры
«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан, ұядан -
Өле - өлгенше соны таныр қиядан
Өнер - білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан.
Ата - анадан өсіп ұрпақ тараған
Жақсы - жаман болса бала солардан»,- деген Жүсіп Баласағұнның сөзімен тренингімді аяқтаймын.
Уақыт бөліп келгендеріңізге рахмет, сау болыңыздар!