«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»
Мақсаты: Табиғатты аялауға, құрметтеуге, баптауға үйрету; Жыл мезгілі туралы түсінік беру;Баланың ой өрісін дамыту; Күзгі өзгерістерге мән бере отырып табиғаттың әсемдігін, сұлулығын сезіне білуге үйрету, Күз туралы тақпақтар айта отырып баланың тілін дамыту; Суреттерді әңгімелей отырып байланыстыра сөйлеуін дамыту;Сөздік қорын молайту;
Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.
Армысыздар қадірлі қонақтар! «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Балалар әуенмен ән залына кіреді. Күзгі әуен биі.
Жүргізуші:
Мерекелі, берекелі.
Келді алтын күз,
Жайма шуақ күн сәулелі,
Келді жарқын күз.
Ән: «Келді міне қоңыр күз»
Ендігі кезекті балалардың бал даустарымен айттатын өлең шумақтарына берейік.
Тақпақтар:Ернар, Амина, Рауан,Анеля,Ясмина
Жүргізуші:
Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар?
(Күз мезгілі)
Жүргізуші:
Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол кім болды екен?
Бағбаншы кіреді.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе! Сіз кімсіз? Қайдан келдіңіз?
Бағбаншы:Бақша,бақты күтетін бағбаншымын.Балаларды мерекесімен құттықтауға келдім.Ал сендер неге жалғызсыңдар? Күз ханшайымы қайда?
Жүргізуші: Біз сізбен келеді деп ойладық.
Бағбаншы:Мен күз ханшайымын көрген жоқпын,ол орманда адасып қалған шығар? Келіп қалатын шығар тосайық.
Балалар мен бір ойын білемін,бірге ойнайық келіңдер.
Ойын: «Көкөністер мен жемістер»
Күз ханшайымы: Маған көмектесіңдер, көмектесіңдер
(Әуен үні сиқырлы)
Жел:Ахалай, махалай суф! Күзді ұйықтатып тастайын. Қара бұлтымен күзді жауып тастайды.
Бағбаншы:Желдің артынан қуады.
Жүргізуші: Жел сен неге Күз ханшайымын сиқырлап тамтадың?
Бағбаншы: Күз ханшайымы бізге керек, оны балалар күтіп отыр.
Жел: Мен мықтымын, мен шапщаңмын, менің күшім барлығына жетеді.
Жүргізуші: Жел сен олай мақтана бер ме. Біздің балаларда шапшаң. Кәне балаларойын ойнап, желге өзіміздің мықты екенімізді көрсетейік.
Ойын: «Топ-топ жапырақ»
Бағбаншы:Әне көрдің бе, біздің балалардың қандай шапшаң екенін.
Жел:Ондай ойынды мен күнде ойнаймын. Сендер онымен мені қызықтыра алмайсыңдар.
Жүргізуші: Ал енді не істейміз бағбаншы атай? Күз ханшайымын қалай қайтарамыз?
Бағбаншы: Ал балалар менімен картоп жинауға қалай қарайсыңдар?
Енденше кеттік шофёр бала баста.
Би: «Күзгі жиналым»
Жел:Жарайды сендер мықтысыңдар, сендер шапшаңсыңдар, сендер жеңдіңдер.
Жүргізуші: Күз ханшайымын бізге қайтар,балалар тосып отыр.
Күз ханшаймы оянады.
Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.
Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым!
Күз ханшайымы: Балалар мен сендерді өзіммен бірге ән шырқауға шақырамын.
Ән: «Күз келіпті тамаша»
Жүргізуші:
Келді міне, алтын күз ,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді әкеліп,
Риза етіп халқыңды. дегендей келесі кезекті балалардың өлең шумақтарына берейік.
Тақпақтар: Еркін, Айсанам, Амир,Нұрислам, Сабыр
Жүргізуші:
Аспанды сұрғылт бұлт,
Жан-жақтан жабады.
Күнбірте суытып,
Жауын көп жауады.
Ән: «Жаңбыр » әнімен ортаға қыздарыңызды шақырамыз.
Күз ханшайымы:
Күз береке, күз байлық
Күз қуаныш, күз мереке ал балалар мен сендерді ортаға билеуге шақырамын.
Би:«Күз мереке»
Жел: Балалар менің сендерге берер сыйлығым бар. Менен мынадай тәтті конфет алғыларың келеді ме? «Түшкірикс» деп аталады.
Жүргізуші: Жоқ біздің балалар ондай конфетті жемейді.Біз олардың ауырып қалғанын қаламаймыз.
Күз ханшайымы кәне сенің көмегің керек бізге. Мына конфетті күздің пайдалы сыйына айналдыршы.
Күз ханшайымы: Балалар кәнекей «Сиқырлы орамал» ойынын ойнап көрейік.
Ойын: «Сиқырлы орамал»
Кәне шеңбер құрайық,
Билеп-билеп алайық.
Шыр етіп айналып,
Теріс қарап тұрайық.
Балалар теріс қарап отырғанда күз ханшайымы ортаға орамал жабылған
себетті қояды. Ал енді бұрылып қарайық.
Күз ханшайымы:
Орамалды ашайық,
Астында не қарайық.
Бұл не?
Себет қой!
Себеттің ішінде алмалар болады.
Қандай керемет шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер.Ендеше мені басқа балалар тосып отыр. Сау болыңдар балалар! Қоштасып шығып кетеді. Желде қоштасып шығып кетеді
Жүргізуші:
Жемісімен мөлдіреген бағы бар,
Сары күз дің саумал сазы танымал.
Самал желмен баяу ғана толқиды,
Сары масақ, қауызында дәні бар.
Ән: «Алтын күз»