«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Алақай, Алтын күз!» атты ересек топтарының ертеңгілігі

20.10.2021

Тақырыбы: «Алақай, Алтын күз!»

Мақсаты: Балалардың күз туралы түсініктерін молайту, жыл мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру, мерекеге ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, береке, молышылық, шаттық, қуаныш екенін тәрбиеленушілердің санасына жеткізу.

Көрнекіліктер: шарлар, жапырақтар, жемістер мен көкөністер, күз байлығы көрмесі.

Жүргізуші:

Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді.

Кел, жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Егін-терін жиналып,

Қамбамызға толады.

Ән көңілге нұр дарып

Әр үйде той болады, -  деп  «Арман» тобының балаларын қарсы алыңыздар.

Армысыздар құрметті қонақтар! Бүгінгі  күз мезгіліне арналған ертеңгілікке  қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?

  • Күз мезгілі

Күз мезгілінде далада қандай өзгерістер болады?

  • Суық, жел, жаңбыр

Ендеше, бүгінгі мерекемізді Алтын күзге арнайық.

Осы кезде залға Аю келеді. (әуен ойнап,залға аю кіреді)

Аю:  Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен қысқы ұйқыға кетіп бара жатырмын. Ұйқыға кетпес бұрын, сендермен ойын ойнап, ән айтып, би билегім келді.

Сендер ойнағыларың келе ме?

  • Әрине ойнаймыз.

Жүргізуші:  Аю, қош келдің! Сен   балаларымыздың  күз мезгіліне арнаған әнін тыңда.

Ән:   «Күзгі вальс»

Аю:  Жарайсыңдар, балалар! Әндерің қандай керемет, маған қатты ұнады.

Жүргізуші: Аю, сен шаршаған шығарсың, қазір біздің балалардың дайындаған тақпақтарын тыңдап, демалып алыңыз.

Анель:

Тілегім, аман болсын ел іргесі

Алтын күз қайта келді берекелі

Молшылықтың жаршысы бола білді

Алтын күз ырыс-береке ала келді

Мақсат:

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Даяна:

Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Ясин:

Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы кең далам,

Алтын астық айналам.

Кәусар:

Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көп егін,

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін.

Аю: -  жарайсыңдар балалар, тақпақтарың керемет! Балалар, мен орманда келе жатып, құлпынайларымды жоғалтып алдым. Маған оларды табуға көмектесесіңдер ме?

Жүргізуші:  -  Балалар мына жерде көп жемістер мен көкөністер шашылып жатыр. Осылардың арасынан аюға құлпынайларын тауып берейік.

«Құлпынайды тап!» ойыны

Аю: көп рахмет, балалар! Сендер маған көп көмектестіңдер!

Жүргізуші:

  • Аю сізге қыздарымыз  биін билейді тамашалаңыз.

Би:   «Көбелектер»

Аю: - Керемет, балалар! Қандай керемет! Билерің тамаша орындалды!

Жүргізуші:   Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді, бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді. Сендер білесіңдер ме, ол кім?

Балалар: күз

Жүргізуші:  -  Ендеше, күзді ортаға шақырайық.

Бәрі бірге: - Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.

Күз:

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Күз: Береке, бақ дарыған,

Жомарт көңіл жарқын жаз.

Сары алтынға малынған,

Алтын күз деген мен болам.

Аю: Күз ханшайым, мен сеннен бұрын келдім, өз мерекеңе кешігіп қалдың!

Күз(түнеріп тұрып):  мен шынымен кешігіп қалдым ба?

Жүргізуші: Алтын күз, сен мұңайма, кешіккен жоқсың!

Сіз жайланып отырыңыз, біздің балалардың өнерін тамашалап, көңіліңіз көтеріледі. Балалар саған арнап өлең-шумақтарын айтып береді.

Адия:

Жетті желмен алтын күз

Жеміс жинау салтымыз

Жиып-теріп болған соң

Той жасайды халқымыз

Мол өнімді жинаймыз

Елге бәрін сыйлаймыз.

Диас:

Қарсы алайық бәріміз

Жасымыз бен кәріміз

Қырдан келді қыдырып,

Алтын күзім нұр төгіп.

Жанерке:

Қамба толды астыққа

Алғыс саған алтын күз

Бір уыс дән шаштықта

Қап-қап қауын алдық біз.

Жұмаәлі:

Алтын сары, қызыл көк,

Алуан- алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

Раяна:

Күз айы басталды,

Құстар қайта бастады.

Жапырақ сарғайып

Жерге түсе бастады.

Күз ханшайымы: Балалар, жарайсыңдар, көңілімді көтеріп тастадыңдар, көп рахмет!

Балалар, менімен бірге ойын ойнауға қалай қарайсыңдар?

«Қолшатыр кімге?» ойыны.

Ойынның шарты: әуенмен балалар билейді, әуен тоқтағанда қолшатырдың астына тез отырып қалулары керек. Жылдам әрі тез қимылдаулары керек.

Аю: Күз ханшайымы, Балалардың, қане барлығымыз бірге биін  тамашалайық!

«Саңырауқұлақтар  биі»

Аю: Жарайсыңдар балалар, керемет!

Маған билегендерің  қатты ұнады.

Аю: Балалар, мен құлпынайларымды таптым, сендермен көңілді ойындар ойнадым, ән айтып, би биледім, енді орманға барып ұйқыға дайындалайын. Сау болыңдар балалар!

Музыка ойналады, залға бұлт кіреді.

Жүргізуші: Бұлтым-ау, Бұлтым-ау

                    Міңезің бұзық-ау

                    Жаңбырың сіркелеп,

                    Келгенің қызық-ау

Бұлт, бұлт қоя ғой, жаңбырыңды шашпа.Одан да біздің балаларымыздың өнерін тамашалап, мерекені бізбен тойла. Балалар ортада өлең-шумақтарын арнайды.

Рукайя:

Қарашы, қарашы, күз келді, күз келді,

Сары алтын жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен бәрі де керуен түзеді,

Көңілсіз болады, неліктен күз енді.

Қайсар:

Алақай-алақай 

Шаттанды балақай.

Күз түсті, дән пісті,

Айтамыз  алғысты.

Дария:

Сап-сары маңай

Сап-сары тоғай

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып

Мансур:

Қалың астық жиылды

Қамбамызға құйылды.

Ардақты  күзім мың алғыс

Алдық   өнім сыйыңды

Әліби

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.

Жүргізуші:

 Шоғы толған гүлдей жайнап,

Шақырады жарқын жүз.

Сайрандаған күліп ойнап,

Келді міне, алтын күз!

Тобымыздың әсем қыздары Анель мен Рукайяның «Ақ жауын» әнін орындайды.

Жүргізуші:

Алтын күздің

Сыйлықтарын аламыз.

Қызығына қанамыз

Молайтамыз шаттықты,

Би билейміз бәріміз.

Би:  «Бүлдірген»

Бұлт: Балалар, мерекелерің  қандай тамаша өтіп жатыр. Мен сендермен көңілді көтердім, ән айтып, би биледім, енді маған басқа жаққа бару керек. Келесі кездескенше сау болыңдар!

Күз ханшайымы: Бұлт, тоқта, менің де жұмыстарым өте көп, мені де өзіңмен ала кет!

Бұлт, Күз ханшайымы: Сендерге көөп рахмет!

Сау болыңдар балалар!

Балалар: Сау болыңдар!

Жүргізуші: Балалар, осымен күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңдар!

 

Просмотров: 1334


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст