Текст
Ақмола облысы білім басқармасының Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 1-7 қыркүйек аралығында «Ана тілің -арың бұл» атты облыстық челленджі өтті. Мақсаты: көркем сөз арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың мақтаныш сезімін ояту, туған елінің тарихына құрметпен қарау. Осы челленджіге «Балдырған» мектеп-балабақшасының намысын қорғап «Мирас» мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі Қайыр Тоғжан, Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» атты туындысымен сынға түсті. Нәтижесінде Қайыр Тоғжан «Үздік жеке мәнерлеп оқу» номинациясына ие болды.