«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

« Менің тілім-менің мақтанышым!» тілдер күніне арналған тәрбие сағаты

16.09.2021

Тақырыбы: « Менің тілім-менің мақтанышым!»

Мақсаты: Балаларға мемлекеттік тілдің өркендеп,оянуына ,мемлекеттік тілімізді сүюге ,мемлекеттік тілді аяққа баспай , мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіңдік ерекшеліктері,салт-дәсүрі, діні, тілі болатынын түсіндіру. Балалардың сөздік қорын молайту , еркін сөйлеуге баулу.

Көрнекілік: Тақырып жазылған сөз, қанатты сөздер

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, тақпақтар, мақал-мәтелдер,

Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіздер ме құрметті балалар! Бүгін біздің ұйымдастырылған «Менің тілім-менің тілім мақтанышым!» атты тәрбие сағатына кош келдіңіздер.

Тәрбиеші:

"Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" демекші, біздің ана тіліміз – атадан-балаға мирас боп жеткен асыл қазына. Қазақ тілін сүю, қадірлеу – ұлтымызға деген сүйіспеншілігіміз. Мағжан Жұмабаевтың "Қазақ тілі" өлеңімен бастағым келіп тұр.

Күш кеміді, айбынды ту құлады, 

Кеше батыр - бүгін қорқак, бұғады. 

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, 

Қан суынған, жүрек солғын соғады. 

Қыран құстың кос қанаты кырқылды, 

Күндей күшті күркіреген ел тынды. 

Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ, 

Батыр, хандар - асқан жандар ұмытылды! 

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың 

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың... 

Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп, 

Нүрлы жұлдыз - бабам тілі, сен қалдың! 

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім, 

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім, 

Таралған түрік балаларын бауырыңа 

Ақ қолыңмен тарта аларсын сен, тілім!

Қазақстан Республикасының – әнұраны орындалады.

Тәрбиеші: Балалар , біз қай Республикада тұрамыз?

  • Біздің ұлтымыз кім?
  • Біз қай тілде сөйлейміз?
  • Біздің елімізді кім басқарады?
  • Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
  • Балалар біздің ұлтымыз қазақ, өзіміз қай тілде сөйлейміз?
  • Біздер бүгін қай мерекені тойлап жатырмыз?
  • Мерекеге байланысты тақпақ білесіңдер ме?

Біздің отанымыз байтақ та бай ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Ұланғайыр ата-мекеніміз қандай кең болса, пейіліміз де керемет бай.  Мемлекетіміз тәуелсіздік, ана тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, көптен күткен арманымыз орындалады. Әр ұлттың өзіндік ерекшіліктері, салт -дәстүрлері, тіл ерекшілігі болады. Біздің ұлттық тәрбиеміз ананың сүті, ананың әлдиі, ананың тілінен бастау алады.

Тәрбиеші:

Туған елім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,

Өссе тілім, менде бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! – деп , ақын Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті.

– Балалар, енді тіл туралы тақпақтарды айтып берейік:

Тоғжан: Мұқағали Мақатаевтың "Үш бақытым"

Ең бірінші бақытым - Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым - Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші - Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

Түтін түтет,

Өс, өрбі, көгере бер,

Немерелер көбейсін, шөберелер.

Жадыңда ұста,

Жақсылық күтпегейсің!

От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,

(Мені мұндай бақытты жаратар ма!)

Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,

Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!

Айтуар: 

О, как хорош родной язык, отца и матери язык,

Я в мире множество вещей через тебя навек посиг!

Сперва на этом языке, качая зыбку, пела мать.

А после-бабушка меня старалась сказкою унять.

Родной язык, ты мне помог понять и радость с малых лет,

И боль души, когда в глазах темнеет, меркнет ясный свет.

Айлин: 

Тәрбиеші: – “Тіл – біздің тұтастығымыз”, “Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс. Туған тілдің абыройын асқақтату – әрбір адамзаттың абзал борышы. Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отан сүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор.

-Ендеше балалар бәріміз бірге Тіл туралы мақал-мәтелдерді жаттап алайық

Мақал-мәтелдер:

  • Бас кеспек болса да,тіл кеспек жоқ
  • Ана сүті бой өсіреді,ана тілі ой өсіреді.
  • Тіл тас жарады,тас жармаса бас жарады
  • Тіл қылыштан өткір
  • Көп сөз – бос сөз
  • Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын
  • Жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі ілім біл

 Сұрақтар:

Балалар біз кандай мемлекетімізде тұрамыз? (Қазақстан)

Біздің ана тіліміз қандай тілі? (Қазақ тілі)

-Дұрыс балалар,біздің қарызымыз қазақ тілінде еркін, бос сөйлеу

Жүректен  жүрекке  шеңбері.

Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам боп шығамыз.

Таза сәби жүректен,

Қабылдаңыз мың алғыс!

Бізді жақтап отырған

Сіздерге де мың алғыс!

 

Төреғали Төреәлі – «Қазақ тілі» әнімен тәрбие сағатын аяқтау.

 

Просмотров: 1038


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст