«Ғажайып алақан әлемі» атты авторлық бағдарламасы бойынша» іс-тәжірибемен алмасуы
Мен осы педагог –психолог мамандығы бойынша жұмыс істеп келе жатқаныма біраз уақыт болды. Осы уақыт аралығында балалармен жұмыс кезінде , балалардың ашылып ойнауына, ішіндеге сырларын сыртқа шығаруына қандай іс –әрекеттер көмектесетінін бақылап отырдым. Психологиялық кабинетімді түрлі қызықты материалдармен жыл сайын толықтырып отырам. Жазғы демалысымда жұмысыма байланысты балалардың жан –жақты дамуына әсер ететін, қандай да бір қызықты дамытушылық материалдар жинаймын. Әр оқу жылына,балалардың қызығушылығын арттыратын көрнекі-құралдармен бастаймын. Бір жылда құмды жуып, тазалап балалармен жұмыс кезінде қолдансам. Келесі жылы құмды түрлі-түсті құмдарға бояп балалардың қызығушылығын одан әрі дамыта түстім. Осылайша балалардың құмға деген қызығушылықтарын байқап құм терапиясына байланысты «Ғажайып алақан әлемі» атты авторлық бағдарламамды жинақтадым.
Авторлық бағдарламамның мақсаты: баланың психоэмоционалды жағдайын тұрақтандыру, қиялын дамыту.
Міндеттері:
- танымдық процестерді дамыту (қабылдау, зейін, есте сақтау, бейнелі-логикалық ойлау, қиял, сөйлеу).
- өзін-өзі реттеу процестерін дамыту;
- баланың шығармашылық әлеуметін қалыптастыру;
- қолдың ұсақ моторикасын дамыту;
- өзіне деген позитивті қатынасқа көзқарасын қалыптастыру.
- мазасыздық пен психофизикалық стрессті төмендетуге ықпалын тигізу;
Бұл авторлық бағдарламамды «Ғажайып алақандар әлемі» деп атаған себебім. Яғни құмда алақанмен және саусақтардың көмегімен түрлі қызықты ғажайып суреттерді немесе қиялдағы ғажайып әлемді салуға болады.
Құм терапиясының ерекшелігі:
1.Ашуланып, ашуға беріліп жылап жатқан баланы құм әлемін көрсеткен кезде, бала бірден жылауын тоқтатып, бар ойын құмға аударып, құм үстіндегі ойыншықтармен ашуын тарқатады.
2.Қағазға сурет салудан қарағанда, құмға сурет салу әлдеқайда ыңғайлы және қызықты. Мектепке дейінгі мекеме балалары қарындаштарды дұрыс пайдалана алмағандықтан қағазға сурет салу қиынға соғады, ал құммен сурет салу әлдеқайда тиімді іс-әрекет деп білдім.
3. Құммен жұмыс жасау бұл еркін іс- әрекет. Қандайда бір технологиямен жұмыс барысында алға қойған мақсатыңа жету үшін әрдайым балаларға түзетулер жасалса, құммен іс-әрекет кезінде мүлде басқаша. Бала еркін сурет салады және бұл жерде балада қаталесем деген ой туындамайды. Бір сөзбен айтқанда өз-өзін еркін ұстайды.
Жыл басында топтардан тестілер өткізіп түрлі –салада қиындық көретін балаларды анықтап , жас шамасына қарай топтарға бөліп топтық жұмыстар жүргіземін. Топтық іс-әрекетімен мектепалды даярлық, ересек және ортаңғы топтардың тәрбиеленушілері қатысты. Топтық жұмысты 4 тәрбиеленушімен өткізем,ал жалпы авторлық бағдарламам бойынша 12 тәрбиеленуші жұмыс жүргіздім. Жылдың басында алынған тестілеудің қорытынды диаграммасы мен жыл соңындағы алынған тестілеудің қорытынды диаграммасын салыстырып балалардың дамуы алға жылжығанын байқадым.
Балалар түрлі-түсті құмдардың көмегімен түстерді ажыратуға, пішіндерді таныды, трафареттер арқылы әртүрлі пішіндерді сүзгіштің көмегімен қалаған суреттерін жүзеге асырып, өздерінің жетістіктеріне қуана білді және қуаныштарымен бөлісе білді. Құмда мұнаралар құру арқылы бір-бірімен сөйлесіп құм үстінде қандай мұнараларды құруға болатыны жайлы әңгімелесіп, тілдік қорлары дамыды. . Қоршаған ортасына деген көзқарасы, өзіне деген көзқарасы оң нәтиже берді. Құмда сурет сала отырып балалардың саусақ моторикасы дамытып қана қоймай, өзінің шығармашылығын әңгімелеп қиялын дамыта түсті. Осындай нәтижелерге жеткеніме көз жеткізіп, өз іс-тәжрибемді педагогтармен бөлісуді жөн көріп, аудандық білім бөліміне жолдадым.
Қазіргі кезде мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілерінде тіл жағынан көптеген қиындық көреді, ал бала тілінің кеш шығуы мына саусақтарына тікелей байланысты болады. Баланың ұсақ саусақ моторикалары кішкентайынан жақсы дамыған болса, онда баланың сөйлеуі де алда болады. Ал, құм баланың қиялын ғана дамытып қоймай, саусақ моторикасының дамуына жақсы әсер етеді. Құм терапиясы 3 жастан бастап әр жастағы адамдармен өткізіледі. Кейбір адамдар бұл әдісті психоанализге әкеледі деп ойлайды, жоқ біздің тәжрибе терапияның еркін әдісі екенін көрсетеді. Баламен жұмыс кезінде бала өзі қалауы бойынша өз қиялын дамытады. Бала үшін құм терапиясы- өзін тануға мүмкіндік. Құм терапиясы баланың ішкі күйзелісінен арылуға, өзін ретке келтіруге көмектеседі. Құм терапиясы шын мәнінде ойын. Себебі бұл ойын балаларға қатарластарымен және сыртқы әлеммен қарым –қатынасты орнатуды, өз сезімдерін білдіруге көмектеседі. Құммен сурет салу – бұл бала үшін кішкентай мейрам. Құммен үйде де, далада да, балабақшада да сурет салуға болады. Қазіргі таңда құммен сурет салу өте танымал және сонымен қатар оған маңызды себептер де бар. Құммен сурет салу өнері-жай, қолжетімді, аса қымбатта емес қызықты іс. Бөлмедегі құм салынған жәшік ыңғайлы, баланың бойына сәкес келуі керек, құм жәшігі бөлменің ортасында тұрады. Бала ойын барысында құмның қалаған бұрышына барып өз ойын дамытады. Менің бөлмемде баланың ойын дамытуға құмға арналған арнайы планшет, құмда іс-әрекет жасайтын минятюрлық ойыншықтардың түр-түрі бар, кенетикалық құм, түрлі-түсті: қызыл,жасыл,сары,көк түсті құмдар, табиғи материалдар, жануарлар тағы басқа да керекті заттар бар.
Менің ойымша құм алаңы балабақшаның әр топтарында болған дұрыс деп ойлаймын. Іс әрекет кезінде балаларға сергіту сәтіне де қолдануға болады. Сергіту сәтінде балаларға «Жаңбыр», «Дауыл», «Жануарлардың іздері» тағы басқа 3-5 минуттық жаттығуларды қолдануға болады. Жай ғана біздің өзіміз әңгіме кезінде ұсақ құммды алақанымызға алып түрлі жаттығуларды жасап отырсақ, денеміз босаңсып жеңілдеп қаламыз.
Қорыта айтатын болсам заманауи инновациялық әдістерді мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында қолдану арқылы, балаларды шаршатпай, жалықтырмай, жан –жақты дамуына «Құм терапиясының» тигізер үлесі зор! Назарларыңызға рахмет.