Тақырыбы: «Тәуелсіздік жетістіктері»
Оқу іс-әрекеттің мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап берулерін қадағалау.
Көрнекіліктер: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың , Қасым-Жомарт Тоқаевтың портреттері, Қазақстан Республикасының туы, елтаңбасы, әнұраны және тағы басқа кітапшалар.
Әдіс-тәсілдері: Слайд,түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі 1 кыркүйек білім күні оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл.
Бәрі тік тұрып Әнұранды тыңдайды.
Тәрбиеші: Балалар, біз қандай мемлекетте тұрамыз?
Балалар: Қазқақстан Республикасы.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар.
Тәрбиеші: Биыл тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл. Сондықтан
тәуелсіздік мерекесі, егеменді еліміздің мерекесіғ отанымыздың мерекесі.
- ал Отан деген не?
- Туған жеріміз деп нені айтамыз
-Қазақстан Республикасы- біздің туып өскен жеріміз, Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін!
Қазіргі кезде ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, білім алуға мол мүмкіндігіміз бар.
Балалар сендер, білесіңдер ме, тұңғыш президентимізкім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Біздің Президентіміз, яғни Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті болып 1991 жылы 1 желтоқсанда сайланды.
Ал, қазіргі Президентіміз кім?
Балалар: Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.
Слайд:
Міне, балалар осы уақытқа дейін жеткен біздің жетістіктеріміз.
Алтын күн аспаны
Алтын дән даласы
Айтатын Әнұран
Қай елдің баласы (Қазақ елінің баласы)
Еліміздің тірегі,
Жеріміздің жүрегі
Бас қаланың есімін,
Қане кім біледі? (Астана)
Қос пырағым қос қанат,
Шаңырағым күн менің
Шолпан жұлдыз маңдайда.
Елтаңбам ғой бұл менің (Қазақстан мемлекетінің Елтаңбасы)
Көк аспанның түсі бар
Ортасында күні бар.
Қыран ұшқан қалықтап ,
Кімнің туы біліп ал. (Қазақстан мемлекетінң Туы)
Туымыздан күн қарап
Күлімдейді әлемге
Күнмен бірге қандай құс.
Қанат қаққан бар елге (Қыран)
Есімізге түсірейікші Туымыздың түсі қандай? Мына суретте не бейнеленген.
Балалар: Ту. Көк.
Көк ашық аспанды білдіреді. Қыран құс-еліміздің тыныштығы мен тәуелсіздігінің белгісі. Ою-өрнек қазақ халқының өнерінің, шеберлігінің белгісі. Балалар ал мынау не?
Балалар: Елтаңба.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.
Бұл Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.
Шаңырақ-Қазақстан атты үйіміздің жарық түсетін саңлағы. Арғымақ- еркіндіктің белгісі. Масақ- тоқшылықтың белгісі. Жұлдыз-жол сілтеуші жарық белгі.
Мынау Әнұран.
Тәрбиеші: Балалар Тәуелсіздікке арналған тақпақтарымызды айтайықшы.
Меруерт:Егеменді елдің біздер,
Ұланымыз жас қанат
Апайларға сәлеміміз,
Құттықтаудан бастаймыз.
Мансур: Жыр арнадым еліме тебіріне,
Үміт артам елімнің ертеңіне
Тәуелсіздік алғалы көп жыл болып,
Отаным жылдан жылға көркеюде.
Диас: Біргемін мәңгі сенімен,
Ешқашан сені сатпаймын
Өзіңе деген өлшеусіз
Құрметімді сақтаймын.
Арнаймын саған ән-жырды
Сен туралы жырлаймын
Көркейе бер, Отаным,
Сенсіз жерге сыймаймын.
Аилин: Отан-анаң ауялы,
Отан- әкең,ақылшың.
Отан-асыл арманның,
Аялаған өз елін.
Даяна: Қазақтың жері кең байтақ,
Бабамның берген еншісі.
Желбірей бер көк байрақ
Отанымның белгісі.
Серігіту сәті.
Көк байрақ желбіре,
Асқақтап аспанда
Жас ұлан ел- бірге
Сап түзе, жасқанба /2-рет
Тәрбиеші: Туған ел, Отан туралы мақал-мәтел қайталайық.
1.Өз елім- өлең төсегім.
2.Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
3.Отан-оттан да ыстық.
Тәрбиеші: Кең байтақ туған елім Қазақстан,
Мен сені әрқашанда мақтан тұтам
Алтын дән, мыс, мырышы, мұнайымен,
Баршаны байлығымен таңқалдырған.
Төбеңде көк байрақты желбіретіп,
Жасашы, жасай берші Қазақстан!
Би: Қара жорға