«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балабақшада балалардың жаздық сауықтыру шараларын тиімді өткізу."

19.08.2021

Баланың денсаулыққа және бақытты өмір сүруге деген құқығын іске асырудың бірден бір жолы, жаз кезеңінде мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру болып табылады. Жазғы уақыттағы балалармен жұмысты сауықтыру деп айтады. Осы арқылы оның мақсаты мен бағыты айқындалады. Денсаулықты нығайтуға қолайлы жазғы күндерді дер кезінде пайдалану және әрбір баланың денсаулығын түзеуге және шынықтыруға ұмтылу маңызды. Тәрбиеленушілердің таза ауада оңтайлы түрде болуын, олардың қозғалу белсенділігін қамтамасыз ету. Мектеп жасына дейінгі балалардың жаздың күні таза ауада болуы бала ағзасын нығайтады және шынықтырады, олардың жан-жақты дамуы мен эмоциялық көңіл күйіне оң әсерін тигізеді. Жазғы кезеңде балалармен жүргізілетін іс-шаралар түрлері Таза ауадағы сауықтыру жаттығулары: жаттығу; жүгіру; спорт ойындары; Эмоциялық күйзелісті азайтуға арналған ойындар: логоойындар; саусақтық және артикуляциялық ойындар; логоырғақ; ырғақ сезінуді дамытуға арналған ойындар  жүргізіледі. Осыған орай «Балдырған» мектеп-балабақшасырда  «Гүлдерге» бақылау жұмысы жүргізілді.Жазғы сауықтыру кезеңі тек белсенді тәрбие және білім беру жұмысына ғана емес, сонымен қатар тәрбиеші мен балалар, тәрбиеші мен ата-аналар арасындағы психологиялық кедергілерді жеңуге ықпал етеді.

Просмотров: 238


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст