Тәрбие сағатының тақырыбы:
Мен елімнің патриотымын!
Мақсаты:
Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін,
тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
Оқушылардың таным белсенділіктерін,
қызығушылықтарын дамыту.
Оқушыларға патриоттық, эстетикалық,
адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта
Барысы:
1.Ұйымдастыру.
Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Достасамыз бәріміз,
Біз-бақытты баламыз!
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Көкірегімнің үміті мен тілегі
Күй боп түлеп, күнбоп шығып күледі.
Күн астында көктөбелер түледі
—
Менің елім, менің елім — гүл елі!
Айтпағым бір ағыл-тегіл сыр еді —
Шежіреңе ол өлең болып кіреді.
Мендегі өнер сен деп өмір сүреді
Менің елім, менің елім — жыр елі!
Қанат қомдап таң атқанда шығыстан
Торғайым бар қыраныңмен бір ұшқан.
Жүрегім бар жүрегіңмен ұғысқан,
Менің елім, менің елім — гүлстан!
-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос
–жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын,
өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді.
Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды,
елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
- Отан деген не, кім қалай түсінеді?
Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға түс кейпін,
Достым білгің келе ме?
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғай көлімізді.
-Біздің Отанымыз қалай аталады?
-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
-Қазақстан Республикасының президенті кім?
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сан
ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді.
Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында тұр.Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы,
Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз,
Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар.
Астана-Отанымыздың бас қаласы, астанасы.
Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.
Қазақстан-тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет.
Онда қазақтар, ұрыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер,
украиндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті,
бірлікте өмір сүріп жатыр.
Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды. Адамның өмірін,
денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.
Мұғалім:
- Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз
керек?
Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.
Дұрыс-ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал- мәтелдер білеміз?
Қорытынды:
- Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни,
нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі, - деген екен.
Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе
аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері:
Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы
бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін
сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық,
жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!