1-қыркүйек -білім күні мектеп- балабақшада 1-сынып оқушыларымен «Мен елімнің патриотымын!» тақырыбында ашық сабақ өтілді. Сабақтың мақсаты өз елін, жерін, Отанын құрметтеуге, сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу.
Патриоттық, адамгершілік тәрбие беру.
Ашық сабақты оқушылар шаттық шеңберімен бастады. Мұғалім «Менің елім» тақырыбында мәнерімен өлең оқыды. Отан сөзінің мән- мағынасымен оқушыларды түсіндірді. Оқушылардан елбасымыз, рәміздер туралы
сұралып, толықтырып бүктеме арқылы түсіндірілді. Біздің Отанымыз- Қазақстан
Республикасы және бас қаламыз Астана қаласы жайлы айтылды. Оқушылар білетін
қалалары туралы айтып өтті. Сондай –ақ мемлекетіміздің Ата заңының қабылданған
күнімен таныстырып шықты. Отан туралы оқушыларға слайд арқылы түсіндірді. Бір айналым сөйлесу арқылы оқушылар еліне, жеріне, Отанына өз тілектерін айтты. Ашық сабақты ақын М. Мақатаевтың "Отан" өлеңі арқылы
видеоролик көрсету арқылы қорытындылады.