«Қазақ халық ертегілерін оқу, тыңдау, сахналау» тақырыбы бойынша іс-шара
22.10.2026
Бөбекжайымыздың басым бағытының жылдық жоспары негізінде ортаңғы топтар «Қазақ халық ертегілерін оқу, тыңдау, сахналау» тақырыбы бойынша балалардың қазақ халық ертегілеріне деген қызығушылығын арттыру, ертегінің мазмұнымен таныстыру, балалардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілігін арттырып, тыңдау, есте сақтау, ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытуға ықпал ету мақсатында іс- шаралар өткізді. Іс- шара барысында балалар ертегілерді тыңдады, экраннан көріп, сол ертегілерді өздері сахналады, кейіпкерлерінің суреттерін салды, құрастыру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар балалар ертегі кейіпкерлерін атап, олардың әрекеттеріне байланысты сұрақтарға жауап берді. Ертегіні сахналау арқылы балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, кейіпкерлердің рөлдерін сомдауға мүмкіндік алды.