Бұланды ауданы бойынша ұйымдастырылған құзіреттілік орталығының өсу нүктесінің аудандық іс-тәжірибе алмасу, бөлісу семинар-практикумы
20.10.2026
Бұланды ауданы бойынша ұйымдастырылған құзіреттілік орталығының өсу нүктесінің аудандық іс-тәжірибе алмасу, бөлісу семинар-практикумы жоспарға сай «Балдәурен» бөбекжайында «Заманауи технологиялар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Заманауи технологияларды тәжірибеде тиімді пайдалану арқылы педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру және балалардың негізгі құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған әдістерді меңгерту. Бөбекжай педагогтері ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттері мен шебер сыныптар көрсетіп, өздерінің іс-тәжірибелерімен алмасты. Балалардың танымдық, коммуникативтік, шығармашылық және әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдер таныстырылды. Іс-шара барысында педагогтер мен қатысушыларға тәжірибелік жұмыстар, тапсырмалар және әдістемелік ұсыныстар ұсынылды. Іс-шараға өсу нүктелерінің педагогтері мен басқа да педагог мамандар қатысты. Қатысушылар белсенділік танытып, өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Семинар барысында заманауи технологияларды қолдану балалардың қызығушылығын арттыруға, белсенділігін дамытуға және өздігінен әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететіні көрсетілді. Іс-шара өз мақсатына жетті. Семинар барысында ұсынылған әдіс-тәсілдер мен тәжірибелер білім беру сапасын арттыруға бағытталған практикалық маңыздылығымен ерекшеленді.