«Менің үйім» тақырыбындағы Балапан тобының іс-әрекеті.

13.10.2026

Тақырыбы: «Менің үйім!»

Мақсаты: Балаларға өз үйі туралы түсінік беру. Үйдің бөліктерін (есік, терезе, шатыр) танып, атай білуге үйрету. Үйге, отбасына деген сүйіспеншілік пен қамқорлық сезімін тәрбиелеу.

 Мотивациялық-қозғаушылық:

 Балалармен амандасады.

Шаттық шеңберін ұйымдастырады.

«Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті!»

 Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдарын қайталайды, бір-біріне жылы лебіз білдіреді.

 Ұйымдастырушылық-ізденістік.

 Балаларға үйдің суретін көрсетеді. «Балалар, бұл не? Үйде кімдер тұрады? Үйдің қандай бөліктері бар?» деген сұрақтар қояды.  Үйдің суретін қарайды. Сұрақтарға жауап береді: «Бұл – үй. Үйде отбасымыз тұрады». Үйдің бөліктерін атайды.                                                                                                             Түсіндіру:  Үйдің бөліктерімен таныстырады: шатыр, қабырға, есік, терезе. «Үй бізді суықтан, жаңбырдан қорғайды. Үйімізді таза ұстаймыз». Жаңа сөздерді қайталайды, үйдің бөліктерін көрсетеді. |

Сергіту сәті:

«Биік болып өсеміз,

Үйімізді көреміз.

Есікті ашып-жабамыз,

Терезеден қараймыз».

 Дидактикалық ойын: «Үйді құрастыр»

 Балаларға үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш пішіндерін таратады. Үйді қалай құрастыру керектігін түсіндіреді.  Геометриялық пішіндерден үй құрастырады. Шатырын, қабырғасын, есігі мен терезесін орналастырады.

Қорытынды: «Бүгін не туралы әңгімелестік? Үйдің қандай бөліктері бар? Үйімізді қалай күтеміз?» деп сұрайды. Балалармен сұрақ-жауап арқылы балалардың алған білімдерін тиянақтау. Балалар үйдің бөліктерін атайды. Өз үйлері туралы қысқаша әңгімелейді. |

Күтілетін нәтиже:

- Біледі: Үйдің негізгі бөліктерін және олардың атауларын.

- Игереді: Үй туралы қарапайым сөйлемдер құрастыруды.

- Меңгереді: Геометриялық пішіндерден үй құрастыруды, өз үйіне қамқорлық жасауды.

Тәрбиеші: Манет Аманбол

«Балапан» ортаңғы тобы

 

Просмотров: 805


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу