«Күзгі ағаш» сурет салудан іс-әрекет кезеңі

09.10.2026

Сурет салу: «Күзгі ағаш»

Мақсаты: Балаларға күз мезгілі туралы түсінік беру. Бастыру әдісі арқылы ағаштың діңін және жапырақтарын бейнелеуге үйрету.  Саусақпен   сурет салу  арқылы ұсақ қол моторикасын дамыту. Табиғаттың әсемдігін сезінуге тәрбиелеу.

1. Шаттық шеңбері

Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

 Тәрбиеші балаларға күз мезгілі туралы әңгімелейді.

– Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

– Күзде жапырақтар қандай түске өзгереді?

– Ағаштың жапырақтары қандай түстерге боялады?

Тәрбиеші күзгі ағаштың суретін көрсетіп, балалардың назарын аударады.

Сурет салу әдісі:

Тәрбиеші балаларға ағаштың діңін көрсетіп, оның жапырақтары болатынын түсіндіреді. Бастыру әдісі арқылы  сурет салу тәсілін көрсетеді.

 Сергіту сәті:

Жел соғады гу-гу,

Жапырақтар ұшады.

Ағаштар тербеледі,

Жапырақтар түседі.

 Қорытынды:

Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қарап, мадақтайды.

– Біз бүгін не салдық?

– Ағаштың жапырақтары қандай түсті болды?

Балалардың жауаптары тыңдалып, әр баланың жұмысына жағымды пікір айтылады.

 

«Таңқурай» тобы

Текен Хуралай

Просмотров: 990


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу