«Балапан» ортаңғы тобындағы іс-әрекет кезеңі

07.10.2026

Тақырыбы: «Менің бейнем»
Ұйымдастырылған іс-әрекет: Жапсыру

Мақсаты:
Балаларға адамның дене мүшелері туралы түсінік беру. Дайын пішіндерді қағаз бетіне дұрыс орналастырып, жапсыруға үйрету. Ұқыптылыққа, өзіне деген жағымды көзқарасқа тәрбиелеу.

Міндеттері:

дайын пішіндерді ретімен орналастыруға үйрету;

желімді ұқыпты қолдану дағдыларын қалыптастыру;

Қажетті құралдар:
ақ қағаз, түрлі түсті қағаздан қиылған дөңгелек пішіндер, желім, майлық, үлгі сурет.

Іс-әрекет барысы

1. Шаттық шеңбері

Педагог балалармен амандасып, айнаға қарауды ұсынады.

– Балалар, өзімізге қарайықшы. Біз қандаймыз?
– Біздің басымыз қайда?
– Қолымыз қайда?
– Аяғымыз қайда?

Балалар өз дене мүшелерін көрсетеді.

2. Қызығушылықты ояту

Педагог қуыршақты көрсетеді.

– Қуыршақтың басы бар ма?
– Оның денесі ше?
– Қолдары мен аяқтары бар ма?

Балалар жауап береді.

3. Балалардың өзіндік жұмысы

Балалар дайын пішіндерден «Менің бейнемді» құрастырып жапсырады.

Педагог балаларға көмектесіп, пішіндерді дұрыс орналастыруын қадағалайды.

Сергіту сәті:

Басымызды иеміз,
Қолымызды созамыз.
Оңға, солға бұрылып,
Орнымызға қонамыз.

5. Қорытынды

Балалардың жұмыстарын бірге тамашалау.

– Балалар, бүгін біз не жасадық?
– Адамның қандай дене мүшелері бар?
– Өз бейнеңе қандай пішіндерді қолдандың?

Педагог балалардың жұмыстарын мадақтайды.

Күтілетін нәтиже:

  • адамның негізгі дене мүшелерін атайды;
  • пішіндерді қағаз бетіне орналастырып, жапсыра алады;
  • желімді ұқыпты пайдалануға дағдыланады.
Просмотров: 1063


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу