«Балабақша – бала – ата-ана» тақырыбындағы ашық есік күні.
16.09.2026
«Балдырған» бөбекжайында «Балабақша – бала – ата-ана» тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылды.
Мақсаты:
Балабақша мен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту, ата-аналарды балабақшаның күнделікті тыныс-тіршілігімен, тәрбиелеу-білім беру үдерісімен таныстыру. Баланың жан-жақты дамуына балабақша мен отбасының бірлескен ықпалын арттыру.
Міндеттері:
- ата-аналарға балабақшадағы тәрбиелеу-білім беру жұмысының ерекшеліктерін таныстыру;
- педагог пен ата-ана арасындағы өзара сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру;
- ата-аналарды балалардың іс-әрекетіне белсенді қатыстыру;
- бала тәрбиесінде отбасы мен балабақша сабақтастығын қамтамасыз ету;
- ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру.
Іс-шарада «Балабақша – бала – ата-ана» тақырыбында кіріспе әңгіме жүргізілді. Топтардың күн тәртібімен таныстырылды. «Бала әлемі – ата-ана көзімен» ойын-тренингі, «Бірге ойнаймыз, бірге үйренеміз» шығармашылық жұмысы,
Ата-аналармен бірлескен ойындар:
- «Балаңызды қаншалықты білесіз?»
- «Менің баламның жақсы қасиеті»
- «Бірге құрастырамыз»
- «Отбасылық шығармашылық»
- «Жылы жүрек» тілектер шеңбері.
Қорытынды бөлім
Ата-аналарға баланың тәрбиесі мен дамуы тек балабақшадағы педагогтердің жұмысына ғана емес, отбасындағы жылы қарым-қатынасқа, ата-ананың қолдауына және баламен бірге өткізген сапалы уақытқа байланысты екені атап өтіледі. Сонымен қатар мамандардан бала тәрбиесі психолог, логопед, медбикенің қолдау бағыттары бойынша кеңестер алды.
Қорытынды ұран:
«Бала – ортақ қуанышымыз, тәрбие – ортақ міндетіміз!»
«Балабақша + Бала + Ата-ана = Біртұтас тәрбие»