Тәрбие сағаты: «Қазақстан Республикасының Конституциясы – адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі»

01.09.2026

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Конституциясы – адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі»

Мақсаты:
Балаларға Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы жас ерекшелігіне сай қарапайым түсінік беру. Өз Отанына, мемлекеттік рәміздерге, достарына, үлкендерге құрметпен қарауға тәрбиелеу. Адалдық, жауапкершілік, бірлік, достық сияқты құндылықтарды қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейту;
  • адалдыққа, достыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу;
  • Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Қажетті көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Ата Заң кітабының бейнесі, Қазақстан картасы, жүрекшелер, мақал-мәтелдер, шарлар.

Шаттық шеңбері

Педагог балаларды шеңберге жинайды.

Педагог:
– Балалар, бүгін ерекше күн. Бүгін – Білім күні! Жаңа оқу жылын жақсы көңіл күймен бастайық. Бір-бірімізге жылы сөз айтып, жақсы тілегімізді білдірейік.

Шаттық шеңбері:

Армысың, алтын күн,
Армысың, көк аспан!
Армысың, туған жер,
Армысың, достарым!
Білім алып әрқашан,
Өсе берсін бала.

 «Менің Отаным – Қазақстан»

Әнұран бірге шырқалады.

Педагог Қазақстан Республикасының картасын көрсетеді.

– Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
– Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
– Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?

Балалар жауап береді.

Педагог Ту мен Елтаңбаны көрсетіп, олардың Қазақстан үшін маңызды екенін түсіндіреді.

 «Адал азамат қандай болады?» әңгімелесу

Педагог балаларға сұрақтар қояды:

– Адал бала қандай болады?
– Досына көмектесу дегеніміз не?
– Біреудің затын рұқсатсыз алуға бола ма?
– Уәде бергенде оны орындау керек пе?
– Жақсы азамат болу үшін қандай қасиеттер керек?

Сергіту сәті «Қазақстаным»

Көк туымды көтерем,
(қолды жоғары көтеру)
Елімді мен сүйемін.
(қолды жүрекке қою)
Достарыммен бірге мен,
(қол ұстасу)
Білім алып жүремін.
(кітап оқығандай қимыл жасау)

Шығармашылық жұмыс «Бақытты балалық шақ»

Балаларға қағаздар таратылады.

Балалар жүрекшеге «Мен Қазақстаным үшін...» деген сөйлемді сурет арқылы толықтырады:
 -жақсы бала боламын;
 -білім аламын;
-достарыма көмектесемін;
 -Отанымды сүйемін;
 -табиғатты қорғаймын.

Жұмыстарын ортақ «Бақытты Қазақстан балалары» атты тақтаға орналастырады.

Қорытынды:

– Біздің еліміздің болашағы – сендерсіңдер. Білімді, адал, мейірімді, жауапты болып өссек, Қазақстанымыз да көркейе береді!

Балалар бірге:

«Біз – Қазақстанның бақытты балаларымыз!
Біз білімді, адал және жауапты азамат боламыз!»

 

«Мирас» мектепалды тобы

Тәрбиеші:Жаркынова А.А.

Просмотров: 254


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу