13.08.2026
«Балдәурен» ересек тобында «Нан – дастархан байлығы»
тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – балаларға нанның адам өміріндегі маңызын түсіндіру, нанды қадірлеуге, ысырап етпеуге және еңбек адамын құрметтеуге тәрбиелеу. Балаларға нанның дастарханға қалай келетіндігі туралы қарапайым түсінік берілді: жерге дән себу, оны өсіру, бидайды жинау, ұн тарту, қамыр илеу және нан пісіру кезеңдері таныстырылды. Нанның түрлері көрсетіліп, балалар оның түсі, пішіні, иісі туралы әңгімеледі. Тақырыпқа байланысты «Нан қайдан келеді?», «Нанды кімдер дайындайды?» сұрақтары қойылып, балалар өз ойларын айтты. Дидактикалық ойындар мен көрнекіліктер арқылы балалардың сөздік қоры кеңейтілді.
Балалар Нан туралы тақпақ жаттады.
Нанмен өсер жанымыз.
Нан бар жерде ән де бар,
Шаттық толар бағымыз.
Іс-шара соңында балалар.
Нан туралы мақал-мәтелдер:
-Ас атасы — нан.
-Нан — тамақтың атасы,
-Ынтымақ — көптің батасы.
-Дәнді шашпа, нанды баспа.
Қорытынды: «Нанды қадірлейік, жерге тастамайық, ысырап етпейік!» деген қорытынды ойға келді. Апталық барысында балалар нанның үлкен еңбекпен келетінін түсініп, нанға деген құрмет сезімдерін қалыптастырды.
Тәрбиеші: Аманжолова С.Е.