«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма?» апталығы

31.07.2026

«Ертөстік» ересек тобында «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма?» апталығы аясында ұйымдастырылған «Жәндіктер» күні тәрбиеленушілердің табиғатқа деген қызығушылығын арттыру, жәндіктер әлемі туралы білімдерін кеңейту және қоршаған әлемге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында өткізілді.

Күн барысында балалармен «Жәндіктер әлеміне саяхат» танымдық әңгімесі ұйымдастырылып, көбелек, ара, құмырсқа, инелік, қоңыз және басқа да жәндіктердің тіршілігі, пайдасы мен ерекшеліктері туралы мәліметтер берілді. Балалар суреттерді тамашалап, жұмбақтар шешіп, сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті.

Іс-шара барысында «Көбелектер биі», «Аралар гүл жинайды», «Құмырсқалар еңбекқор» сияқты қимылды ойындар өткізілді. Шығармашылық бөлімде тәрбиеленушілер түрлі-түсті қағаздан көбелек жасап, жәндіктердің суреттерін бояп, табиғи материалдарды пайдалана отырып шағын жұмыстар орындады.

Өткізілген іс-шаралар балалардың танымдық белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін, ұсақ қол моторикасын және табиғатқа деген сүйіспеншілігін дамытуға ықпал етті. Тәрбиеленушілер белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл- күйде өз білімдерін толықтырды.

Қорытынды:

«Жәндіктер» күні өз мақсатына жетіп, балалардың табиғат әлеміне деген қызығушылығын арттырып, қоршаған әлемді қорғау мен тіршілік иелеріне қамқорлық жасауға тәрбиелеуге оң әсерін тигізді.

Просмотров: 580


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст