29.07.2026
«Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма» апталығы
«Алтын балық» күні
«Еркетай» ересек тобының тәрбиеленушілерімен «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма» апталығы аясында ұйымдастырылған «Алтын балық» күні мектепке дейінгі тәрбиеленушілердің танымдық, шығармашылық және коммуникативтік қабілеттерін дамыту мақсатында өткізілді.
Күннің негізгі тақырыбы – су асты әлемімен таныстыру, табиғатты аялауға тәрбиелеу және балалардың қиялын дамыту болды. Іс-шара барысында балалар «Алтын балық» ертегісімен танысып, оның мазмұны бойынша әңгімелесті. Су жануарлары туралы танымдық мәліметтер алып, олардың тіршілік ортасы туралы білімдерін толықтырды.
Шығармашылық бөлімде тәрбиеленушілер «Алтын балық» тақырыбында сурет салып балықтардың бейнесін жасады. Қимылды ойындар («Балықшылар мен балықтар», «Теңіз толқиды») мен музыкалық сергіту сәттері балалардың белсенділігін арттырып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар сумен қарапайым тәжірибелер жүргізіліп, балалар заттардың жүзуі мен батуын бақылап, қызығушылықтарын танытты.
Іс-шара соңында балалар өз әсерлерімен бөлісіп, «Алтын балыққа тілек» айтып, белсенді қатысқандары үшін мадақталды.
Қорытынды: «Алтын балық» күні тәрбиеленушілердің табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, шығармашылық қабілеттерін, тіл байлығын және бірлесіп әрекет ету дағдыларын дамытуға ықпал етті. Іс-шара өз мақсатына жетіп, жоғары деңгейде ұйымдастырылды.