Жас мамандарымыздың ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттері.
14.04.2026
«Балдырған» бөбекжайында жас мамандар онкүндігінің жоспарына сай педагогтеріміз ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін көрсетті.
- Берекелі Маржан, музыка жетекшісі. «Балдәурен» ересек тобымен «Әуенді тыңдайық, сезінейік» тақырыбында ашық ұйымдастырылған іс-әрекетін көрсетті.
- Хумарбек Серикгул «Жұлдыз» ерта жас тобымен «Заттардың атауын дұрыс ата» ойын іс-әрекетін өткізді.
- Алдабергенова Анар Богдатовна «Еркетай» ересек тобымен «Бағдаршам» тақырыбында ашық іс-әрекетін өткізді.
- Өнерханұлы Дауиржан «Толағай» ортаңғы тобымен «Көңілді әуен» тақырыбында ашық іс-әрекетін өткізді.
Ашық ұйымдастырылған іс-шаралар балалардың жасына сай құрылған. Педагогтер іс- әрекеттің мақсаттарын нақты қойып, балаларға түсінікті жеткізе білді. Ашық ұйымдастырылған іс-әрекетте түрлі әдіс-тәсілдер мен заманауи инновациялық платформалар тиімді қолданылды. Балалар белсенді қатысып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Көрнекіліктер мен техникалық құралдар тиімді пайдаланылды. Педагогтер балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды саралап ұсынды. Іс-әрекеттің барлық кезеңдері бір-бірімен байланысып, логикалық жүйеде өтті.
Просмотров: 2892