«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Цифрлық күн: Сандық құралдар – сапалы сабақ кепілі.

09.04.2026

 Қазіргі заманда білім беру жүйесі цифрлық технологиялармен тығыз байланысты. Сандық құралдарды тиімді пайдалану – педагогтің  кәсіби шеберлігін арттырып, балалардың  білім сапасын көтерудің маңызды факторы.

Іс-әрекеттің барысында интерактивті платформалар, онлайн ресурстар және мультимедиялық құралдар қолдану балалардың қызығушылығын арттырып, материалды жеңіл әрі түсінікті меңгеруге мүмкіндік береді. Мысалы, презентациялар, бейнесабақтар мен викториналар оқыту процесін жандандырады.

Сандық құралдардың артықшылықтары:

Балалардың  белсенділігін арттырады,

Жекелендірілген оқытуға мүмкіндік береді,

Уақытты үнемдейді,

Кері байланысты жедел алуға көмектеседі,

Педагогтер үшін сандық сауаттылық – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Сондықтан жаңа технологияларды меңгеріп, оларды ұйымдастырылған іс-әрекет кезінде тиімді қолдану – сапалы білім берудің кепілі.

Сандық құралдарды орынды пайдалану арқылы біз заманауи, қызықты әрі нәтижелі сабақ ұйымдастыра аламыз. Бұл – білім сапасын арттырудың сенімді жолы.

Просмотров: 3


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст