«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚО-ның «Наурыз – салт-дәстүр айнасы» тақырыбындағы семинар-практикумы өтті.

17.03.2026

   Бөбекжайда құзыреттілік орталығының жоспарына сай «Наурыз – салт-дәстүр айнасы» тақырыбындағы семинар-практикум өтілді.  Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрлерін насихаттау, Наурыз мейрамы арқылы ұлттық мәдениетке құрмет пен қызығушылықты арттыру, қатысушылардың этномәдени білімін кеңейту және дәстүрлерді күнделікті өмірде қолдануға баулу. Семинар «Наурыз сазы» би-шашуымен ашылды. Семинар                          барысында Наурыз мерекесіне арналған ертеңгіліктерді ұйымдастыру бойынша ұсыныстармен таныстырылды. Ұлттық ойындарды ұйымдастырылған іс- әрекет барысында қолдану туралы айтылып,  музыка ҰІӘ кезіндегі «Домбыра» ойыны ұсынылды. Дене шынықтыру нұсқаушылары  өздері өткізетін үйірме жұмысы бойынша  «Асық ату» мен «Бестемше» ұлттық ойындарынан үзінді ұсынды. Бөбекжай ұжымы мектепке дейінгі жастағы балаларға қатысты дәстүрлерге байланысты театрландырылған қойылым қойды.

Просмотров: 108


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст