16.03.2026
Мақсаты: Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныстыру, ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттыру.Ойын арқылы балалардың қимыл - қозғалысын , ептілігін, шапшаңдығын дамыту. Ұлттық дәстүрді құрметтеуге, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
"Ұлттық ойын – ұлт қазынасы" ойын іс-әрекеті – балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныстырып, олардың қызығушылығын арттыруға арналған тәрбиелік ойын түрі. Бұл іс-әрекет арқылы балалар халқымыздың салт-дәстүрін, мәдениетін құрметтеуге үйренеді.
Ойын барысында балалар ұлттық ойындарды ойнап, қимыл-қозғалысын дамытады, бір-бірімен достық қарым-қатынас жасайды, ұйымшылдыққа тәрбиеленеді.
Мұндай іс-шараларда балаларға қазақтың дәстүрлі ойындары, мысалы Асық ату, Арқан тарту, Ақсерек-көксерек сияқты ойындар таныстырылып, ойнатылады.
Бұл ойын іс-әрекеті балалардың ойлау қабілетін, ептілігін және ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін дамытуға көмектеседі.
«Толағай» ортаңғы тобы
Тәрбиеші: Каиржанова О.Х.