«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құзыреттілік орталық жоспарына сай «Театр әлемі» тақырыбында квест ойыны өткізілді.

02.03.2026

Бөбекжайда құзыреттілік орталық жоспарына сай  «Театр әлемі» тақырыбында квест ойыны өткізілді. Ойынға педагогтер мен ортаңғы, ересек, мектепалды топ тәрбиеленушілері қатысты. Ойын мақсаты: Ертегілерді сахналау арқылы балалардың коммуникативтік дағдыларын дамыту жолдарын айқындау және педагогтер арасында іс-тәжірибе алмасу.

      «Театр әлемі» квест ойыны барысында педагогтер ертегіні театрландырудың тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Теориялық бөлімде балабақшада ертегі арқылы бала тілін дамыту, мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу қабілетін арттырудағы ертегінің маңызы қарастырылды.

Практикалық бөлімде:

•        Ересек топ – «Жеті лақ» ертегісін,

•        Ортаңғы топ – «Шалқан» ертегісін,

•        Мектепалды топ – «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісін сахналады.

Сахналау барысында балалардың сөздік қоры, байланыстырып сөйлеу дағдылары, өз ойын еркін жеткізуі және топпен жұмыс жасау қабілеттері дамыды.

Қорытындысында театрландырылған ойындардың бала тілін дамытудағы маңызы жоғары екендігі атап өтілді, ұсыныстар қабылданды.

Просмотров: 480


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст