20.02.2026
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі 2026 жылдың 17 ақпан күні мектепке дейінгі және логопедия бөлімінің оқытушыларының ұйымдастыруымен офлайн форматта «Тәжіребе алаңы: Ізденіс. Шеберлік. Жаңалық» тақырыбында балабақша әдіскерлерімен, тәрбиешілерімен бірлескен шеберлік сағаты өтті.
Шеберлік сағатының мақсаты: Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, озық педагогикалық тәжірибелермен алмасу арқылы тәрбие-оқыту процесіне инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді енгізуге ықпал ету.
Осы іс- шараға бөбекжайымыздан Шакиева Жазира Ондасыновна, мектепалды топ тәрбиешісі, педагог- сарапшы қатысып, "Мектепке дейінгі білім беруде заманауи инновациялық технологияларды қолдану" тақырыбы бойынша өз іс- тәжірибесімен бөлісіп қайтты. Семинар қорытындысы бойынша Жазира Ондасыновнаға Сертификат табысталды.