«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Консультативтік пункт: «Балаңызбен күнделікті қазақ тілінде сөйлесуге қалай баулу керек?»

27.01.2026

Күнделікті өмірге негізделген жаңа сөздерді меңгерту: Балаларға шай, кәмпит, ұйқы, киім, есік, велосипед, түстер т.б. сөздерді оқыту керек.

Күнделікті қарым-қатынас: Балаңызбен қазақша сөйлесуге тырысыңыз. Бұл әдіс ересектер үшін де қосымша тәжірибеге айналады.

Қазақ тілінде ертегілерді оқу: Қазақ тілінде рөлдері бар ертегіні орындау орынды болар еді.

Театрлық қойылым: Мысалы, қазақ тілінде рөлдері бар ертегіні орындау орынды болар еді.

Қазақ тілінде бесік жырын айту: Бұл да баланың жастайынан қазақ тіліне қанық болып, оны құлағымен қабылдауға тез үйренуіне ықпал етеді.

 Бұл әдістер баланың тілдік дамуын, қарым-қатынас дағдысын және ұлттық құндылықтарға қалыптастырады.

Балалардың сөйлеу әрекетін жетілдірудің маңызды алғышарты өз

қалауымен тілдік қарым-қатынасқа белсенді қатысуға баланың ынтасының

пайда болуына ықпал ететін, жағымды змоционалдық көңіл-күй орнату

болып табылады. Ал балалардың тілін дамытуға ықпал ететін жағымды

көңіл-күй мен жағдаяттарды құруда ойын әрекеті жәрдемдеседі.

Балалардың тілін дамыту баланың ересектермен және айналасындағы

адамдармен толыққанды қарым-қатынасы кезінде ғана мүмкін болады.

Балалардың жетекші әрекеті болып табылатын ойын сөйлеу тілін дамытудың ең табиғи және тиімді құралы ретінде қарастырылады, себебі ойын барысында бала өзін еркін сезінеді, түрлі рөлдерге еніп, өмірлік жағдаяттарды модельдейді, өзара қарым-қатынасқа түседі және осының бәрі тілдік белсенділікті күшейтеді.

Балаңызбен күнделікті  қазақ тілінде сөйлесіңіз. Бұл оның тілдік дамуын, қарым-қатынас дағдысын және ұлттық құндылықтарға қызығушылығын арттырады.

Қазақ тілі маманы: Жарқынова А.А.

Просмотров: 658


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст