Текст
19.01.2026
«Өнерім саған- Қазақстан!» ұлттық өнерді (балалар музыкалық аспаптарын, билерін, әндерін, тақпақтарын, қолөнерін) меңгерген барлық этностардың мектеп жасына дейінгі балаларының қатысуымен өтетін фестивальдің аудандық кезеңіне бөбекжайымыздан Ән жанры бойынша, «Татулықта күшіміз» әнімен Айтуған Айдана, Жұман Айгерім бүлдіршіндеріміз қатысқан болатын, жетекшісі музыка жетекшісі Берекелді Маржан. Нәтижесінде бүлдіршіндеріміз аудандық кезеңнен 1- орынға ие болып, облыстық кезеңде «Үздік орындаушы» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болды. Бүлдіршіндерімізді құттықтаймыз!