09.01.2026
(«Арман» ортаңғы тобының ертеңгілігі)
Жүргізуші кіреді. Жүргізуші:
Жасыл шырша төгілген алдымызда,
Қош келдіңіз көрермен шыршамызға.
Аман болсын отбасыңыз, деп алайын,
Ізгі тілек тілейміз баршаңызға.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар , балалар , қонақтар! Сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Жаңа жыл жаңа бақыт, жаңа құт әкелсін. Денсаулықтарыныз зор болсын, аспандарыңыз ашық болсын. Бүгінгі балалар дайындаған ертеңгілікті бастауға рұқсат етіңіздер!- «Арман» тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар. «Қуант бізді, Жаңа жыл» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. «Арман» тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар. (Балалар көңілді әуенмен залға кіреді).
Ән: «Орманда шырша туыпты».
Жүргізуші: Керемет балалар орнымызға жайғасайық.
Музыка ойнайды
Қоян мен Қасқырдың келеді.
Қоян қашып кетеді.
Қасқыр: Қоян қашып кетті, енді не істеймін
Жүргізуші: Бізбен бірге қалып Жаңа жылды қарсы алыңыз.
Қазір барлығымыз Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Аяз Ата, Ақшақар,
Шыршамызға кел, кел!
Тақпақ айтып береміз,
Бізге сыйлық бер, бер!
Аяз Ата, Ақшақар балалармен бірге шақырамыз.
Аяз ата :
Амансың ба ұлдарым,
Амансың ба қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың,
Жүргізуші: Балалар байқадыңдар ма? Аяз атаның қасында ақшақар жоқ, Аяз ата, ақшақар қызыңыз қайда?
Аяз Ата: Соны өзім де білмедім. Жаңа қасымда келе жатқан, аяқ асты жоғалып кетті
Қасқыр: Ендеше, мен болам, Ақшақар мен болам, мені сиқырлы таяғымен Ақшақарға айналдыршы.
Жылтыр матаның ішіне Қоян мен Ақшақар тығылады. Аяз Ата сиқырлы таяғымен матаны түртіп:
Көңілді балалар,
Шыршаны айналып.
Қасқыр,
Ақшақарға айналсын - дейді.
Мата астынан көрінбей қасқыр кетіп қалады да, мата астынан Ақшақар шығады.
Ақшақар құттықтауы.
Жүргізуші : Аяз Ата, Ақшақар біздің шыршамыз әдемі болғанымен көңілсіз. Қане, бәріміз шырша шамын жағайық?
Қуант бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат
Жүргізуші: Қандай керемет шыршамыз, балалар қолдарымызды ұстап шеңбер құрып тұрайық
Ән: «Кішкентай шыршамыз» Хоровод
Жүргізуші: балалармен қызықты ойын ойнайық
Ойын: “Қар лақтыру”
Жүргізуші: Аяз ата алыстан келдіңіз. Шаршаған боларсыз, отырыңыз дем алыңыз. Балаларды сіздерге арнап жаттаған тақпақ, би, әндерін тамашалаңыздар.
Тақпақтар: Інжу, Ибрахим, Қайсар, Айя, Кәусар, Марлен, Мұхаммад, Мұхаммед, Ерназар, Рамина, Айсана
Музыка әуенімен жылан кіреді
Жылан : Сәлеметсіздер ме, Менің жылым мерекелі, берекелі жыл болды
Жүргізуші: Жылан біздің мерекеде қонақ болып кет. Төрден орын ал. Ал біздің балалар өздерінің саған деген ризашылығын білдіргісі келеді. Олар саған арнап сан түрлі өнерлерін ортаға салады.
Көңілде бар қуаныш
Әр көңілде жақсылық
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп қуаныш!Ұлдарымыздың орындауында әнін қабыл алыңыздар.
Жеке ән: « Шыршаға бардық»
Рамазан, Қайсар, Мұхаммад, Мұхаммед, Ибраһим, Марлен
Музыка әуенімен жылқы кіреді.
Жылқы: Сәлеметсіздер ме, қонақтар, балалар! Бұл жылда тайбурылдын шабысындай шабыт берсін. Жылқының жеңілдігін және төзімділігін берсін. Менің жылым сіздерге бақ, береке әкелсін
Жылан: Мен сендермен бір жыл бірге болдым, енді жаңа жылымызды жылқы жылына тапсырамын. Сау болыңдар балалар.
Жүргізуші: Жылқы бізбен бірге қалып балаларымыздың өнерін тамашалаңыз. Қыздарымыздың биін қабыл алыңыздар.
Би: «Шырша» биі
Жүргізуші: Жарайсындар бүлдіршіндер.
Тақпақтар: Жанерке, Айсезім,Рамазан, Айғаным, Дастан, Исмаил, Дастан, Амина
Би: “Гномиктер” биі ұлдар
Жүргізуші: қыздарымыздың орындауында әсем әндерін тыңдаңыздар.
Жеке ән: « Жаңа жылды қарсы алайық»
Жанерке, Інжу, Адина, Айсезім, Кәусар
Ән: «Кішкентай шыршамыз» Хоровод
Ақшақар: Аяз Ата сіз ештеңе ұмытқан жоқсыз ба?
Аяз ата: қызым жақсы болды айтқанын, балаларға алып келген сыйлықтарымыз алып келші.
Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош сау болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Міне жаңа 2026 жылда келді. Ал 2025 жыл біздің тарихымыздың бір бөлшегіне айналды. Қазір ғана табалдырығымызды аттағалы тұрған жаңа жыл құтты жыл болсын, елімізде тыныштық болып , ырыс-құтымыз азаймасын. Жылы жүздеріңізден нұр мен шат күлкі кетпесін.. Келесі жыл айналып келгенше сау болыңыздар.