09.01.2026
Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!»
Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір-біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Зал Жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген
Жүргізуші: Құрметті біздің қонақтар, ата-аналар!
Барлығыңыз да бүгінгі Жаңа жылдық шырша тойына қош келдіңіздер!
Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдың бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Күліп-ойнап тараңдар,
-дей отырып ортамызға «Мирас» тобының бүлдіршіндерін қошеметпен шақырамыз.
Хор: « Төрлет сен, Жаңа жыл »
Теке: (жаттығу жасап тұрады)
-Бүгінге жетер енді Қошқар жан, қалай ойлайсың?
Қошқар: -қоранаң ішін айналып, 10 рет жүгіріп шық.
Теке: Сен мені мына түріңмен өлтіретін шығарсың. Міне, қарашы құр сүлдерім қалды.
Қошқар: жаттығу қаншалықты қиын болса, ұрыста соншалықты оңай болады.
Теке: -Ой сенде мақалыңа сақалың,шөлдеп өліп барамын.
-Мыналар бізге су береді ма, ата көрінбейді ғой?
-Су беріңдер суу, суу, суу
Кемпір: әй үнің өшкір Теке, шыдамсыз неме (ыдысқа су құяды)
-Айналайын қой жарықтық момын ғой, келе қойыңдар.
-анау шалы құрғыр жоғалды, бұзаудың артынан. Таңертең кеткен еді, әлі жоқ.Аман болса жарар еді.
Теке: -уфф жаным-ай, жыламаған балаға емшек жоқ деген солай емес пе. Досым-ау мен бақырмасам мына кемпір келместе еді ғой.
-Ата бұзау іздеп кетті дей ма, ол қайда кетті екен, құлақтары қалқиып.
Қошқар:- Білмеймін теке, бірақ ата келмесе бізге кешке жемді кім береді?
Теке: Келмегені қалай, біз сонда су, жемсіз қаламыз ба?
-Мына кемпірге күніміз қараса, жетіскен екенбіз.
Қошқар:- Оның рас Теке, біз атаны қайткенде де табуымыз керек.
Теке: - Сен не деп кеттің қошқар. Ата жоғалған малын іздеп кетті, ол дұрыс. Ал сен малдың жоғалған адам іздеп кеткенін көрдің ба? Оның үстіне біз өз қорамыздан бір қадам аттап шықпауға уәде берген жоқпыз ба?
Қошқар:- Сен қаламын десең өзің біл, ал мен атаны іздеуге кеттім. (Қорадан секіріп шығады)
Теке: -Әй тоқта қошқар, бөлінгенді бөрі жейді емеспе. Мен сені қауіп қатерге жалғыз жібере алмаймын, қысқасы бірге барамыз.
Қошқар: Рахмет достым .Қорада жалғыз қалуға қорқып, ілеспесең болды әйтеуір. Теке: -Ол не дегенің Қошқар, мына сен үйреткен жаттығулардан кейін маған қасқырларыңда түк емес. Ер соңымнан жүгіріп кетеді.
Қошқар:- Әййй мақтаншағым ай, (Музыка ойнап екеуі орманға кіріп кетеді)
Ән: «Аппақ қар» орындайтындар: Дания, Айым,Әміре, Хан-Тәңір, Айбар.
1-Қасқыр:- Өйййй қалай атады өзі ( қолына мылтықты алып көреді)
2-Қасқыр: - Беті аулақ, атылып кетер.
1-Қасқыр:- Ал шалым, қалай сенің халің? АААААхххааа күледі
Қайда Қошқар мен Текең, әлде сен оларға керек болмай қалдың ба?
2-Қасқыр:- Қожайын олар келеді күтейік.
1-Қасқыр: Бұл шал бұзауды әдейі ұрлап кеткенімізді білема өзі????
2-Қасқыр: -Бізге керегі бұзау емес, анау екеуі ғой, қоянды қамыс , қасқырды намыс өлтіреді емеспе. Есіме түссе , еңіреп тұрып ұлығым келеді. УУУУУУУУУ
1-Қасқыр- Көтер басыңды көк жалым, кек қайтарар күн туды.
-Шалың анау, мылтығың мынау, енді оларды ешкімде қорғай алмайды.
2- Қасқыр:-1-2-мен мен деген бөрілерді шақырдым деп едің, келе ме?
1-Қасқыр:- Қасқырбай мен дәу бөріні шақырдым. Бұзаудың етін отқа қақтап беремін деп едім, қуана келісті.
2-Қасқыр: -Бәрекелді, әйтпесе анау Қошқардан тағыда таяқ жеп қалмайық. Тфай-тфай
1-Қасқыр: Қасқыр деген атымыз бар емес пе, ана екеуі келсе қошқар мен текенің мүйізін сындырамыз.
3-Қасқыр :- Армысыңдар бауырлар!!!!
1-Қасқыр:- Төрлет, туысқан…(отырады)
3-Қасқыр:-Мынау не өзі(Қолына мылтықты алады)
2-Қасқыр:- Өййй байқа атылып кетер (атып жібереді)
Теке:- Мәәә, мынау атаның мылтығы ғой.
Қошқар :- Кеттік ендеше сонда.- СЫРТТАН АЙТАДЫ.
Жүргізуші: Қасқыр мырзалар ашуларыңызды басып, бүгінгі кешімізге балаларымыздың дайындаған би шашуларын бірге тамашалайық.
Би: «Мысықтар»
2-Қасқыр:- Абайламайсың ба, сәл болмағанда қасқыр қасқырды атып алыпты деген атқа қалып, масқара болатын едік.
3-Қасқыр:- Қайдан білейін байқаусызда атылып кетті ғой....- Бұзауларың қайда????
1-Қасқыр: - Әне , анау бұтаның түбінде байлаулы.
2-Қасқыр:- Мен барып әкеле қояйын.
1-Қасқыр:- Әй, бұзауды қоя тұршы, қазір осы жерге Қошқар мен Теке келеді. Тоймасаң соларды жейміз.
3-Қасқыр:- Ол қай Қошқар, әлгі сендерді сабап кететін Қошқар ма, ет жейміз деп келіп, таяқ жеп кетпейік АХа АххА хаа!!!!
Жүргізуші: Мырзалар бүгін бізде Жаңа жыл мерекесі екенін білесіздер, бірақ кешіміздің қадірменді қонақтары Аяз ата мен Ақшақар келу керек еді, сіздер жолдан көрген жоқсыздар ма?
Қасқырлар: жоқ біз оларды таңымайды да екенбіз. Бізге тек Қошқар мен Теке ғана керек.
Жүргізуші: -балалар бәріміз бірге Аяз ата мен Ақшақарды шақырып көрейікші. Мүмкін дауысымызды есітіп қалар.
Балалар: Аяз ата. Ақшақар....
Әуенмен ортаға Аяз ата мен Ақшақар шығады.
Аяз Ата: Аяулы ата - аналарға, ардақты ұл қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалармен амандасады.)
Ақшақар: Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата - аналар. Өздеріңді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз құтты болсын, Өтіп кеткен Қоян жылына аман есен саулық тілеп, келер жылымыз Ұлу жылына табысты жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарихи жыл болсын деймін.
Ақшақар: Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық.
Барлығымыз бірге сиқырлы сөзімізді айтып, шыршамыздың шамын жағып алайық.
«Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат»
Аяз ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне ән айтайық.
Хор: «Жаңа Жыл»
3-Қасқыр:- Өй, Сендердің Қошқарларың қайда? Бізден қорқып келмей жатқан шығар?
Теке: М-М, біз туралы біреу бірдеңе деді ма???? Әлде менің құлағым шалыс естіді ме?
1.Қасқыр: Қошқар келіңдер сөйлесейік, отырыңдар дегендей.
Теке: Біздің уақытымыз аз, қәне шал мен бұзауды босатыңдар, әйтпесе...
3. Қасқыр: Мынау не деп тұр өзі? Сендер бізге Бөрілерге әңгіме
айтпақшысыңдар ма? Кім қасқыр, кім қой мында?
2.Қасқыр: Ия қораға өздерің келіп-кірдіңдер.
1.Қасқыр: Енді шығармаймыз ееееее
Жүргізуші: мырзалар ашуымызды басып, балаларымыздың Аяз атаға дайындаған жыр шумақтарын бірге тамашалайық
Тақпақтар: Асылым, Аруна, Хан-Тәңір, Кәусар, Нурали, Нұрай, Әміре, Адия,Адина.
Жүргізуші: Жаңа жылды қарсы алып, Өткізейік дүрмекті . Уа, халайық той бүгін , Бақыт, шаттық мол бүгін. Қарсы алайық Жылқы жылын, Ұзатып сап Жыланды. Ескі жыл: Жылан кіреді
Жаңа жыл «Жылқы» кіреді.
Ән: «Жаңа жыл келді еліме» Орындайтындар: Алуа, Адия, Айкөркем, Аруна, Асылым. Ескі жылды шығарып саламыз.
Жүргізуші: балалармен қоштасып Жылан жылын бірге шығарып салады. Теке: Әңгіме түгілі терме айтамыз. Қасқырлар: Терме –терме, (таңқалады) Теке: Қане қошқар көрсет өнеріңді. 1.Қасқыр: (Қол соғады). Бөрі болса өй, - деп тоқтатып тастайды. Қошқар: Терме айтады 1.Қасқыр: қол соғып, еп бәрекелді. 3.Қасқыр: (Басынан соғып) өй ақымақ, біз туралы айтып жатырғой. Қошқар әнін айта береді. 3.Қасқыр: (орнынан тұрып) ашумен тоқта деп айқайлайды. Әбден басынайын деген екенсіңдер. Сен қошқар, айтқан сөзіңе жауап бересің бе? Теке: Мен жауап бермеймін. Қошқар өзімді бір сынап көрейінші. (Ортаға шығып денесін көрсетіп, бөрімен төбелеске шығады). Теке: (бір –екі удардан кейін қорқып) – енді не істейін, отты 10 рет айналып өтейін бе? –дегенде, қасқыр ұрып жібереді де, теке құлап қалады. Бұзау: келіп текені жалайды. Танауыңнан айналдым, қалқанқұлағым менің, сен тұра-тұр, мен қазір келемін (жүгіріп кетеді, алдында тұрған Бұқаға соғылып, сенің балаң бұзауды, қасқырлар отқа қақтап жемек) Бұқа: Немене, қайда олар? Теке: Кеттік тезірек мында (жүгіріп кетеді)-Сырттан сөйлейді
Тақпақтар: Айбар, Дания, Алуа, Аль-Мансур, Айкөркем, Муслим, Айым, Нариман.
Қасқырлар: Қошқармен төбелеске дайындалып тұрады. Қошқар: Бөріні бір соғады. (екеуі төбелеседі) Қасқырлар: қошқарды байлап алады. –Тірідей үйтеміз. -Үйтпей ақ жей берсек болмайды ма? Теке: -Ікім-ікім -Сәлем, біз де келіп қалдық, осылар сенің балаңды, менің досымды отқа қақтап жемекші. Бұқа: Балам қайда? Мө-ө-ө-ө Қасқыр: Баласы қайсы, мынау ма? Бұзау: Мен мындамын, әкееее Бұқа: Кім тиді саған, балам-ау? Бұзау: Мө-ө-ө, абафтар Бұқа: қазір оларды әтәт қыламын. Қасқыр; Әт-әт? 3Қасқыр: бұл жалғыз, біз көппіз жабылайық (бәрі төбелесіп кетеді) Бұқа: мә саған-деп Қасқырды соғады. Теке: Жеңдік урааа, урааа Қошқар: Рахмет Теке, сен болмағанда Қасқырға жем болатын едім. Қожайынды босатайық. Би: «Ақшақарлар» Теке: Бақ қайда барасың?-ынтымаққа барамын-деген. Бірлігіміз мықты болса-бізді ешқандай да жау ала алмайды, солай емеспе Қошқар Қошқар: -ияя, «Бірлік бар жерде, тірлік бар» Бұқа: -қораларың жайлы екен, маған ұнады. Жем-шөптеріңде мол екен, сендермен бірге осында қыстап шығамын-ау сірә, Қошқар: қаламын десең өзің біл, бірақ Қожайын ертең қонақ келсе қорадағы ең ірі малды соямыз деген. Бұқа: -қашып шығып кетеді. Қошқар: - өй қайда кетті мынау, (екеуі күледі)
Жүргізуші: Аяз ата балаларға әкелген сыйлықтарыңыз бар ма? Болса бірге табыс етейік. Жүргізуші: Балалар енді бүгінгі кейіпкерлермен Аяз ата, Ақшақардың көңілді бір биін бірге тамашалайық. Флешмоб билейді. Аяз ата: Жаңа жылдарыңызбен достар, шанамызға мінейік, Ақшақарым, Алда барар ауылдар бар, жыл қуантсын баршаны. Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін. Барлығы: Қош бол, Аяз ата, Ақшақар, Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы, Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды. Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Хор: «Құтты болсын, Жаңа жыл!»