ҚО-ның «Ата-баба сөзі – асыл мұра» атты ұйымдастырылған танымдық іс-шарасы.

06.01.2026

ҚО- ның жоспарына сай «Ата-баба сөзі – асыл мұра» (мақал-мәтел, жаңылтпаш айту) тақырыбында      өсу нүктелерінде бүлдіршіндермен  балалардың қазақ тіліндегі сөйлеу дағдыларын дамыту, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Ата-баба сөзі – асыл мұра» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларға қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері болып табылатын мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштардың мағынасын түсіндіру, сөздік қорын молайту, дұрыс әрі анық сөйлеуге дағдыландыру.

Шара барысында өсу нүктелерінің тәрбиешілері балаларға жас ерекшеліктеріне сай мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштарды түсіндіріп, олардың мағынасына тоқталды. Балалар мақал-мәтелдерді жатқа айтып, жаңылтпаштарды жарыса айту арқылы өздерінің тілдік белсенділігін көрсетті. Сонымен қатар, ойын элементтері арқылы сөйлеу мәдениеті, дыбыстарды дұрыс айту, ойды жүйелі жеткізу дағдылары қалыптастырылды.

Өткізілген іс- шаралар туралы ақпарат өсу нүктелерінің әлеуметтік желілеріне жарияланды.

Просмотров: 778


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу