«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектеп жасына дейінгі баланың тілін халық ауыз әдебиеті арқылы дамыту» жоба аясындағы іс-шара.

09.12.2025

Бөбекжайда «Мектеп жасына дейінгі баланың тілін халық ауыз әдебиеті арқылы дамыту» жоба аясында жоспар бойынша «Халық ауыз әдебиеті-балабақшада» ата-аналармен викториналық ойын іс-әрекеті атты іс-шара өткізілді. Іс-шара «Адал азамат- біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ата-аналармен өткізілген викториналық ойын іс-әрекет түрінде жүргізілді. Мақсаты: Ата-аналар мен бөбекжай арасындағы байланысты дамыту, әрі қарай нығайту, ұлттық құндылықтарымызды білу. Ата-ананың халық ауыз әдебиетімізге деген қызығушылығын баласына дәріптеуін дамыту. Ұлттық мәдениетімізге, тілдік мәртебемізге құрметпен қарауға тәрбиелеу. Ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге шақыру. Ата-аналарымыз 5 кезеңнен тұратын сайыста мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, ән шырқау, жаңылтпаш айту сияқты тапсырмаларды орындады. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып марапатталды.

Просмотров: 147


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст