Тәлімгерлер мен жас мамандар отырысы

27.11.2025

         «Балдырған» бөбекжайында «Жас мамандар» мектебінің жоспарына сай тәлімгерлер мен жас мамандар арасында  «Өз бетімен білім алу - педагогтің кәсіби  шеберлігін арттырудың  бір түрі ретінде» дөңгелек үстел  өткізілді. Педагогтер жұмыс жоспарымен, пікірсайыстың (дөңгелек үстелдің) мақсаты, міндеттерімен таныстырылып, талданды. Тәлімгерлеріміз  өз әдістерімен бөлісіп, жан-жақты ақпараттар берді. Жас мамандарымыз қандай дағдыларды өздігінен үйреніп жатқаны туралы айтып, тиімді тапқан лайфхактарымен бөлісті (мысалы, цифрлық құралдарды меңгеру).

Бүгінгі отырыста біз педагогтің өзін-өзі дамытуының маңызын нақты түсіндік. Әр педагогтің кәсіби шыңдалуы – үздіксіз ізденіс пен өз бетімен білім алуға деген ұмтылыстан басталады. Бәріңізге шығармашылық табыс, кәсіби өсу және жаңа жетістіктер тілейміз!

 

Просмотров: 1296


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу