«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қош бол, балабақшамыз! мектепалды даярлық "Мирас" тобының ертеңгілігі

26.05.2021

Тақырыбы: «Қош бол, балабақшам!» ертеңгілігі

Мақсаты: Балалардың мерекелік көңіл - күйін қалыптастыру. Балабақша, мектеп туралы өлең шумақтар, әндер айтқызу арқылы балалардың тілдерін дамыту. Көріністер арқылы мектепке дайындығын тексеру. Балалардың бір жылда алған білімдерін тиянақтау. Оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: Әсем безендірілген музыка залы, ойынға қажетті мектеп құрал - жабдықтары.

Ерте, ерте ертеде, тәрбие атты өлкеде,

«Балдырған»  атты сарайда, білім шашқан маңайға.

Бір патшалық болыпты, ішіне бақ қоныпты,

Іші өнерлі, өрелі, балаларға толыпты.

Сол сарайдың біріне, 2017 - нің күзінде,

16 бала келіпті, 16 - і де көрікті.

Кіп - кішкене өздері, былдырлаған сөздері.

Ештеңені түсінбей, таңырқаған кездері.

Алдарынан күлімдеп, « Балаларым, күнім»- деп,

Тәрбиешілер шығыпты, оң мен солын танытты.

Содан бері мінеки, төрт жыл өтті білінбей,

Бір ананың төліндей, ынтымағы жарасқан.

Елді аузына қаратқан, етек жеңін жинаған,

Ұстаздарын сыйлаған, сол балалар өсіпті.

Буындары бекіпті, балабақшамен қоштасар,

Кезде келіп жетіпті.

Бірге өткізген қыс - жазын, ата - анасын ұстазын

Елдің бәрі таң қалған, патшалыққа атақты,

Қоштасу кешін жасапты

Жүргізуші:

Қымбатты қонақтар, ата- аналар, балабақша қызметкерлері бүгін бізде үлкен мереке, яғни бұл мереке қуанышы мен қызығы мол балалардың сүйікті балабақшасымен қоштасу мерекесі.

Ұшырып көкірегімнен жыр кептерін,

Мерекең құтты болсын түлектерім

Қол соғып ортамызға шақырайық,

Бүгінгі мерекенің шынайы кейіпкерін - деп бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.

Жүргізуші:

 Айналайын менің әсем гүлдерім

Қандай әсем жадыраған жүздерін

Қолдарына әдемі шар ұстаған

Мерекеге толы болсын күндерін

 Құрметті балалар! Балалық тәтті шақтарынды осы шармен аспанға ұшырып жібересіңдер ме?

Балалар: Иә!

Барлығы: Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам боп шығамыз.

Таза сәби жүректен,

Қабылдаңыз мың алғыс!

Шарларды ұшырып жібереді.

ХОР: «Балалық бақ шақ»

Тақпақтар: Ш.Айзере,Аймира, Арлан, Амина,

Ш.Айзере:

Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып, мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

Аймира:

Тәрбие берген ұямыз.

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып бала-бақшамен,

Мектепке біз барамыз.

Арлан:

Мектепке енді барамыз,                                                                                                 Үлгілі оқушы боламыз.                                                                                                   Жақсы оқып сабақты,                                                                                                            Кілең бестік аламыз.

Амина :

Мектепке енді барамыз

Оқимыз, сауық құрамыз.

Қашық емес арамыз

Бақшаға келіп тұрамыз

Жүргізуші:

Мерекеде сызылтып ән салады

Ән айтып би де билеп жан салады

Бұл ұлы мерекеде ән салғанда

Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады, - дей отыра «Жауқазын» әнімен ортаға Айзере мен Адияны шақырамыз.

Жүргізуші:

Ұшқыр ойың, серік болсын шеберің,

Сөз кезегін білімпазға берейін

Арамызда білімді бала көп болсын

Білімпаз сол балаға серік болсын

( Залға Білім патшайымы келеді)

Білім патшайымы: Сәлеметсіздер ме балалар! Сәлеметсіздер ме қонақтар! Балалар мен сендерге ақ жол тілеп, мерекелеріңе құтты болсын айтуға келдім. Сендердің барлықтарың да ақылды, саналы, білімдісіңдер. Мен сендерді өз әлеміме шақырамын. Менің достарым боласыңдар. Бізді алда талай көп биік асулар күтіп тұр. Сол асулардан сүрінбей өтуге келісесіңдер ме?

Білім патшайымы: Ендеше мен балалармен ойын ойнап көрейінші. Балалар мектепке дайын ба екен, тексеріп көрейік.

Ойын: « Кім жылдам сан айтады»

Шарты: Ортаға әртүрлі сандар тасталады. музыка тоқтағанда сандарды

жерден алып айтады.

Білім патшайымы:

Менің білгім келеді,

Кім санауды біледі?

Қызық сәттер болады,

Матеметикалық әзілдер басталады.

1. Ағаштағы төрт алмұрт,

Піскен екен, тимей құрт.

Самат алып екеуін,

Қалдырған екен нешеуін? «2»

2. Қазып жүр құмды бес мысық,

Үшеуі жатыр, күн ыстық.

Екеуі жүр шомылып,

Барлығы қанша, санап шық. «10»

3. Алты қонжық орманға,

Бара жатты қорбаңдап.

Бірі олардың шаршады,

Әрі қарай бармады.

Жауабын тез айт,

Қанша қонжық кетті алда. «5»

Жүргізуші:  Білім патшайымы, біздің балалар тек білім жағынан емес, сонымен қатар би билеп, ән айтқанды өте жақсы көреді. Біздің балалар өте өнерлі. Олай болса, біздің топтың ұлдары мен қыздарының тамаша бір бииін қабыл алыңыз!

Би: «Самбоо»

Тақпақтар: Адия, Алинур, Жансая, Малика,

Адия:                     

Балабақша, балабақша

Шаңарағы  шаттықтың

Балабақша  қорғанышы

Балғын сәби жастықтың

Қуанамыз сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Бақшамызбен қимай біз

Қоштасатын күн бүгін

Алинур:

Ботақандай бөбек деп,

Еркелеткен ұл- қызын.

Анамызды ерекше,

Қуантамыз біз бүгін.

Жансая:

 Үлкендердей тап- таза,

Жазамын бормен тақтаға.

Үлгілі бала боламын,

Жүретіндей мақтана.

Малика:

Мәпелеген анамыз,

Бақша болды панамыз.

Мектепке енді барамыз,

Оқып білім аламыз.

Хор: «Ана,әке»

Би. «Қуыршақтар биі»

Тақпақтар: Аяулым, Әділ, Алижан, Айым, Тимур,

Аяулым:

Қолыма гүл аламын,

Дайын дәптер қаламым.

Таңғалдырып достарымды,

Мен мектепке барамын.

Әділ:

Балабақшам сүйікті.

Ән салдыртты, билетті.

Шынықтырып денеңді,

Шымыр болуға үйретті.

Алижан:

Таудай үлкен боламын.

Мен бармақтай баламын,

Көктің жүзін шарлаймын,

Үлкен ғалым боламын.

Айым:

Алты жасқа толамыз.

Әдепті бала боламыз.

Қуантып ата- анамды,

Мектепке кетіп барамыз.

Бақша біздің панамыз.

Мектеп біздің анамыз.

Ұлағатты ұстаздан,

Оқып, білім аламыз.

Тимур:

Жүргізуші: кезекте әнші қыздарымыз Малика, Аймира, Айымның  орындауында «Тәрбиеші» әнін қабыл алыңыздар

Жүргізуші:

Ұшқыр ойын серік болсын шеберін,

Сөз кезегін білімпазға берейін

Арамызда білімді бала көп болсын

Білімпаз сол балаға серік болсын

Білім патшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Сендер білімді де өнерлі балалар екенсіңдер, ақ жол бәріңе. Мен сендерді мектепте күтемін, кездескенше сау болыңдар.

Вальс;

Құттықтаулар: Ал, енді бүгінгі мерекеміздің ең салтанатты кезеңі болып қалды. Қымбатты балалар, біздің балабақшаның атынан естелік ретінде сендерге бірінші дипломдарды сыйлаймыз.

Жүргізуші:

 Балаларымыз көңілді

Шақырамыз ортаға

Тойымызға сән беріп

Ән салайық тамаша, - деп балаларымызды балабақшамен қоштасу әнін айтуға ортаға шақырамыз.

Хор: «Аяулы мектебім»

Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!

Дендеріңіз сау, аман - есен, мықты болсын!

Мектеп есігі әрқашан ашық болып,

1-шіге баратын қадамдарыңыз құтты болсын!

Просмотров: 3750


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст