«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бір адым алға» 1А сыныбының оқу жылының аяқталуына арналған тәрбие сағаты.

26.05.2021

Мақсаты:

1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, 1 сыныпта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып,  әр баланың ерекшелігін  таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы – мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

 

 

Барысы:

Мұғалім: Армысыздар қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі  сол, осыдан 1 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып 1 сыныппен қоштасқалы отыр.

        

          Бесіктегі баланың, күлгенін көрген-бір бақыт.

         Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген – бір бақыт! – дегендей,

1 сыныпты бітіруші түлектеріміз бүгін сіздер үшін бар өнерлерін көрсетіп, тағы да бір бақытқа кенелтпекші!

 

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда? 

«Алдағы уақытта болашақтарың көгеріп, көктеп, биіктерге самғаңдар» деген тілекпен 1 сынып бітіруші түлектерімізді ортаға шақырамыз.

 

Музыка әуенімен 1 сынып оқушылары бір-бірден ортаға келеді.

 

Мұғалім: Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған

1 сыныбымен  қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі  отыр. Ендеше, осынау балапандарымыз қызықты да  ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өздерінің 1 жыл бойы алған білімдері мен өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, салтанатты жиынымызды бастайық!

 

 Айгерім:  Мектебім – білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 1жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

 

Нұрсипат: Мектеп – үйім, ұстазым менің – ата- анам,

Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.

Саяң  ыстық, сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып, сан тарапқа тараған.

 

Азамат: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,

Ақылға келе алмадық ерте көніп.

Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.

Мектептің ережесін үйрендік  кеп.

 

Жұлдыз:         Бірдей біздің  ойымыз да , сырымыз,

Бір мектептің ұлы менен қызымыз.

Бірдей өстік оқуда да еңбекте,

Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.

 

Исмаил: Ертегілер еліндей болған, бал балалық шағымыздың куәсі – 1-ші сыныппен қоштасу кешіне қош келдіңіздер! Бүгінгі ертеңгілігімізді осы

1 сынып оқушыларының өз өнерлерімен бастайық.

БИ «Флешмоб»

 

Мұғалім: Иә мектебімізге қандай жыр, өнер арнасақта жарасады.

 Амина:    Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.

Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.

Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,

Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

Дарина: Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл- білім үйреткен.

Сауат ашуды оқыдық ,

Ерекше зор құрметпен.

Сауат ашуды сүйеміз,

Құрметпен бас иеміз.

Сауат ашумен қоштасамыз,

Әдебиетпен достасамыз.

Раушан: Ойланып есеп шығардық,

Амалдарды орындап.

Ғылымдардың патшасы,

Математика данасы.

Нұрислам: Ой жіберсең бәріне ,

Дүниетану пәніне.

Өмір сырын үйретер,

Пәннің жақсы бірі де.

Жер байлығы көп екен,

Игеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген ,

Дүниетану сабағы.

Ернур:  Білім берер алабы
Көркем еңбек  сабағы
Қуыршақпен аюды
Өздері жасап алады.

Исмаил: English language is the best.

Learning it for me is quest.

But the language is so nice.

Learn it! That is my advice.

Заур: Русский язык открывает нам путь…

 Ты учи его, друг, ты его не забудь!

Ведь русский язык для нас нужный,

 И учить должен его я и ты.

Санжар: Шынықтыру денені,

Ол да бір пән елеулі.

Барлық шәкірт ұнатар,

Физкультура дегенді

 

Мұғалім: Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

                 Сенімдердің айналыңдар серперіне.

                 Ұстаздық ақ жүректен  мен тілеймін,

                 Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

                 Айналайын жап-жарқын жүздеріңнен,

                 Аластайтын жаныңды күз көңілден.

                 Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

                 Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

 

Хор: «Мектебім»

 

Інжу: Мектебім- сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін , көктеймін.
Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.

 

Бәрі:                    Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

                            Мың алғыс мына отты жүректерден

Видеоролик

 

Мұғалім: «Мектеп – білім» кемесін

Басқарып бүгін келесіз.
Ата-ана, ұстаз, балаға
Ақ жарқын сәлем етесіз.
Шақырып едік, келдіңіз,
Сөз кезегін береміз.
(Құттықтау сөз мектеп басшыларына жолданады) 

(Мақтау қағазы, марапаттау кезеңі)

 

Просмотров: 1127


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст