«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК-ы
ГККП «Ясли - сад «Балдырған» города Макинск при отделе образования  по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қош бол, балабақшамыз! мектепалды даярлық "Құлагер" тобының ертеңгілігі

26.05.2021

Қош бол, балабақшамыз!

Мақсаты: Мерекені сезіндіру.

Білімділігі: Балалардың мектепке, білімге деген қызығушулықтарын оятып, сүйіспеншілігін, ынтасын талабын жетілдіру.

Тәрбиелілігі: Адамгершілікке, сыйластыққа , ұйымшылдыққа, сүйіспеншілікке,әдемілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Топ безендірілуі:, кілемдер төселу, орындықтар қою, шар ілу, гүлдер қойып тастау алаңды толығымен безендіру.

Жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар бүгінгі «Құлагер» тобында өткізіліп отырған "Қош бол, балабақшам" атты мерекемізге қош келдіңіздер.

Қоштасу кеші!

 Жүргізуші: 

Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,

Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.

Бізден ұшып, қанат қағып, есейіп,

Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,

Өздеріңді сағынып біз жүрейік.

Құтты болсын қадамдарың аттаған,

Біз сендерге сәтті сапар тілейік!

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,

Мұндай күй болған сірә қаншаңыз да.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,

Бүлдіршін түлектерді ортамызға.

Қарсы алыңыздар 2021 жылдың жас түлектері!

Би «Қоштасу вальсі» балалар ортаға билеп шығады

 

Жүргізуші:

Думандатып бақшада,

Қызықты той басталсын.

Балабақша түлектері

Әдемі ән шырқасын.

Ән: «Бақытты балалық»

 

Жүргізуші: Алдындағы балалар,

Мектепке кетіп барады.

Тақпақ айтып бір-бірден,

Қимай кетіп барады- дей отырып ортаға балаларымызды өз тақпақ өлеңдерін айтуға шақырамыз.

1 топ: Айзере, Амаль., Лейсан, Нұрдәулет, Нұрай, Ақан, Нұсаят.

 

Жүргізуші: 

Мерекеде сызылтып ән салады,

Ән айтып, би де билеп жан салады.

Бұл ұлы мерекеде ән салғанда,

Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.

 

 

Ән: "Тәрбиеші апайға"

Жүргізуші: 

Тәрбиеші, ата-ана,

Сеніммен үміт артады.

Бөбектері есейіп,

Мектепке енді барады- дей отырып ортаға балаларымызды тақпақ айтуға шақырамыз.

2 топ: Омар, Кәусар, Тигран, Ақан-сері, Бақдәулет, Жасмин.

 

Жүргізуші: 

Ұл-қыздарды көңілді,

Шақырамыз ортаға.

Тойымызға сән беріп,

Би билесін шаттана.

Би. " Самбо  "

 

Жүргізуші: 

Бүгін қызық, бүгін той,

Біздер үшін біліп қой.

Әнге салып би билеп,

Жалғастырсын ойды ой.

Енді, Айзере мен Кәусардың орындауында 

 «Жас қанат» әнін қабыл алыңыздар

Ән: «Жас қанат»

 

Көрніс:  ( Автордың сөзі) Жалқаубектің алғашқы мектепке барған кезі. Ұстазы үй тапсырмасын береді. Жалқаубек үйіне сөмкесін әрен көтеріп келіп. Үй тапсырмасын орындамақ болады.

 

Жалқаубек: Апа, апа маған үй тапсырмасын орындауға көмектесші.

 

Апасы: Көрмей тұрсын ба менің қолым тимей жатыр ғой. Мен тырнағымды бояп отырмын.

Жалқаубек: Әке, әке маған үй тапсырмасын орындауға көмек тесші.

Әкесі: Көрмей тұрсын ба мен газет оқып отырмын.

Жалқаубек: Әпке, әпке маған үй тапсырмасын орындауға көмек тесші.

Әпкесі: Көрмей тұрсын ба мен ойнап отырмын ғой.

Жалқаубек: Әже, әже маған үй тапсырмасын орындауға көмек тесші.

Әжесі: Әкел ботам сен ұйықтап ал таң ертең барлығы да дайын болады. –деп өзі жазып қояды.

( Автордың  сөзі: Таң ертен Жалқаубек мектепке барып келеді).

Жалқаубек: Қарандаршы, қарандаршы мен 5 деген баға алдым. – деп қуанып күнделігін көрсетеді.

Анасы: Қане,қане.

Әкесі: Қане, қане.

Әпкесі: Қане, қане.

Әжесі: Қане, қане. –деп ортаға жинала қарайды.

(Күнделігінде Әжесіне 5 деп жазып жіберіпті)

 

 

Жүргізуші:

Ортаға музыка әуенімен

Балаларымыз көңілді.

Шақырамыз ортаға,

Тойымызға сән беріп,

Би билейік тамаша, -дей отырып алдарыңызда балалардың орындауында

« Қуыршақ биі » биін қабыл алыңыздар.

 

Жүргізуші: 

Қош, балалар, сәт сапар,

Үлгілі бәрің болыңдар.

Жақсы оқып әрқашан,

Тек -"5 тікті" алыңдар.

 

Жүргізуші: Келесі сөз кезегін «Балдырған» мектеп- балабақшасының директоры Райхан Зейнуллақызына беріледі.

(Балабақша түлектеріне диплом табыстау)

 

Балалар хормен өлең жолын айтып шарларын ұшырады.
Жақсылыққа құмармыз

Жақсы адам боп шығамыз

Таза сәби жүректен

Қабылдаңыз мың алғыс-деп балалар шарларын ұшырады.

 

Жүргізуші: 

Сән салтанат жасайық

Күй сандықты ашайық

Бұл мереке, бұл тойға

Әнмен шашу шашайық-деп, орындауындағы "   " әнін қабыл алыңыздар.

Хор: "Балдырғанмен қоштасатын кез келді "

 

Жүргізуші: 

Құтты болсын тойларың,

Сәтті болсын жолдарың.

Айналайын гүлдерім,

Ақшуақты күндерім.

Ерекше қызық тілдерің,

Естен кетпес үндерің.

Озат болып оқыңдар,

Ойға білім тоқыңдар.

Біз сіздерге тілейміз,

Сәтті сапар ақ жолды!

 

Жүргізуші: Міне, балаларымыздың жүректері лүпілдеп мектепке қадам басқалы тұр. Бойларындағы бар өнерлерін ортаға салды. Балабақша түлектерінің қадамына гүл бітсін деген игі тілекпен мерекемізді аяқтаймыз.

 

 

Просмотров: 334


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст