Текст
Бөбекжайда "Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма" апталығы асында "Жәндіктер әлемі" күні мен "Гүлдер" күні өткізілді.
Мақсаты: Балалардың жәндіктер туралы түсініктерін кеңейту. Ара жәндігін жапсыру, шығармашылыққа баулу. Тірі табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Гүлдерді күтіп-баптауға, әдемілікке, сұлулыққа деген сезімін ояту арқылы табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу. Гүлдердің бейнесін жапсырып көрсету және басқа материялдарды қолданып мәнерлі де әдемілеп сәндеу. Өнерге деген қызығушылығын ояту. Шығармашылық ойлау мен қиялын дамыту.
Апталық барысында балалар жәндіктер мен гүлдерді бақылады. Олардың суреттерін салды, гүлдерді жинап, кептіріп, оларды жапсырды. Аула және бөлме гүлдерін суарып, күтіп баптауды үйренді.