«Балдырған» мектеп-балабақшасында «Терроризмнен сақтану жолдары» атты іс-шаралар өтті.
Мақсаты:
Тәрбиеленушілерге терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру. Қоғамның әлеуметтік, құқықтық сипаттарын ұғындыра отырып, террорлық, лаңкестік бағытта арандатуға жол бермеу.
Терроризмнен сақтану бағытында қазіргі кездері бүкіл әлем болып күрес жүргізуде. Бірақ әртүрлі ұйымдар, топтар адамзат өміріне қатер төндіруін тоқтатар емес. Сол себептен де бүкіл әлем болып терроризмге қарсы күрес жүргізу құптарлық іс екендігі айтпаса да белгілі. Сондықтан балаларды жастайыннан осы қоғамдық мәселе бойынша тәрбиелеу балабақшадан бастау қажет. Біздің балабақшада сыныптарда арнайы тәрбиелік сынып сағаттары өтті. Оқушылар қауіпті тудыратын жағдайлар туралы өз ойларын білдіріп, «терракт» ұғымымен танысты. Одан қалай қорғану жолдарын бірігіп ойлап, пікір алмасты. Топтарда тәрбиешілер балаларға түсіндіру үшін тәрбие сағаттарын ойын түрінде өткізді. Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда қандай іс-қимылды орындау, күдікті зат тауып алған кездегі іс-әрекеттер жайлы үлкендерге хабар беру туралы түсіндірілді.